Қош келдің, Әз-Наурыз!

Аймақтар
22.03.2025, 13:22
Суреттер автордікі
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атыраулық теміржолшылар өте ұйымшылдықпен қарсы алды. Атырау жүк тасымалы және магистральды желі бөлімшелеріне қарасты құрылымдық мекемелер кәсіподақ ұйымының қолдауымен мерекені бірге атап өтті.

Ақжайық станциясының алдындағы кең алаңға 6 киіз үй тігіліп, қала басындағы  Ақжайық, Атырау, Махамбет және Теңдік станциялары бір киіз үй, ПЧ-ЭЧ, Вагон, локомотив деполары, НОД пен НЖС әрқайсысы бір киіз үйден құрды. Соған сәйкес халық та көп жиналып, бұл нағыз бұқаралық сипаттағы тойға айналды. Шараны қос бөлімше басшылары құттықтау сөзбен ашып, жаңа жылда жаңа белестерге шығуды, наурыздан наурызға аман жетуді тіледі. 

Бір-бірін көптен көрмеген дария кеуде, тау мүсін қариялар, ұлттық киімді дәріптеп кимешек киген әже-аналар көрісіп, шұрқырасып жатыр. Орта және жас буын да олардан қалысар емес, бәрі де ұлттық киіммен жарасымды киінген. Теміржолшылардың өз күшімен даярланған мерекелік концерт те тыңдармандарға шуақты көңіл-күй сыйлады. «Ел іші - алтын кен іші» демекші әнші де, күйші, биші де теміржолшылардың өздері, өнер жұлдыздарынан бір кем емес.

 Сайдың тасындай бірінен-бірі озған ылғи өнерпаз жастар мерекеге жиналған жарты миллионға жуық қонақтың көңілін көтеріп жіберді. Ұлттық салт-дәстүрден аттамаған халық ретінде тұсау кесу рәсімі жасалды. Атырау вагон депосының вагон жөндеушісі Бегарипов Абылайдың ұлы Айтөренің тұсауын бөлімше бастығы Аслан Базарғалиев кесіп, үлкен азамат болуын тіледі. Ұлыстың ұлы күні дүйім жұрттың алдында тұсауы кесілген баланың бағы артып, жұлдызы жоғары болсын десті көпшілік. «Жаңбырмен жер, батамен ел көгерер» деп концерт соңынан сала ардагері Айтбаев Кенже ақсақал жиналғандарға арнап батасын берді.  

Дастархан басында да әр киіз үйдің ішінде сырнайлатқан әншілер, күйшілер мен бишілер өнер көрсетіп жатты. Ақжарма тілектер легі ағылып, жастарға бата берілді. Наурыз көже, құрт-май, жент, сүзбе, қымыз бен шұбат, басқа да ұлттық тағамдар қай үйде де мол болды. Ағаштан ойып жасалған және зергерлік ұлттық бұйымдар жәрмеңкесі де өтті. Далада алтыбақан тебіліп, балалар атқа мінді. Ұлттық ойындар ойналып, кір тасын көтеру, арқан тарту, асық ату ұйымдастырылды. Онда Арқан тартудан 1-ші орынды ТЧЭ-3, асық атудан машинист Ч.Жарасқан, кір тасын көтеруден Р.Аңдамасов (ПЧ-9), қол күрестен А.Асқарбақыт (ТЧЭ-3) 1 орын иеленді. Үздік киіз үйге де бәйге тігіліп, ПЧ-ЭЧ киіз үйі ұлтық нақышта өрнектелген әрі ұядай жылылығымен тартымды болды. Кәсіподақ ұйымдары мол қаражат бөліп, барлық ұжымның бірлесе бас қосуын ұйымдастыруының арқасында биылғы Наурыз мерекесі ерекше мазмұнды өтті.

 

 

 

Инфрақұрылым
14.07.2026
Елімізде 754 шақырым жаңа теміржол желісі салынып жатыр
Аймақтар
14.07.2026
Теміржолшылар болашақ жүргізушілерді теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Жолаушылар тасымалы
14.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында санитариялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жаңалықтар
14.07.2026
ҚТЖ «Балаларды мектепке жинайық» қайырымдылық акциясын өткізуде
Цифрландыру
14.07.2026
ҚТЖ жүк тасымалын талдауға арналған отандық цифрлық платформаны іске қосты
Жаңалықтар
14.07.2026
Елордада көлік және логистика саласында ірі халықаралық форум өтті
Трансформация
14.07.2026
Магистральдық желіні дамыту бағдарламасынан не күтеміз?
Аймақтар
14.07.2026
Атырау вагон құрастыру зауытында жаңа ғылыми-сынақ орталығы іске қосылды
Аймақтар
14.07.2026
Әйтеке би станциясында астық тасымалы артқан
Жолаушылар тасымалы
14.07.2026
І топтағы мүгедектігі бар жандар теміржол билетін онлайн ала алады
ҚТЖ келбеті
14.07.2026
Әлмахановтар әулетінің ақтаңгері
Әлеумет
14.07.2026
Балалар жаз қызығына кенелуде
Жаңалықтар / Мұрағат
14.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №53 14 шілде 2026 жыл
Жүк тасымалы
13.07.2026
Жаңа сұрыптау жолдары Khorgos Gateway терминалының қуатын 48%-ға арттырды
ҚТЖ келбеті
13.07.2026
Сауатты шешім апаттан құтқарды
Аймақтар
13.07.2026
ҚТЖ басшылығы Семей, Аягөз және Ақтоғай вокзалдарын қайта құру жұмыстарындағы артта қалушылықты жоюды тапсырды
Әлемде
13.07.2026
Қытай Қазақстан арқылы Түрікменстанға жаңа теміржол бағытын ашты
Аймақтар / Қауіпсіздік
13.07.2026
Өткелдердің техникалық жай-күйі жіті бақылауда
Әлемде
13.07.2026
«Иран — Қытай» теміржол бағытындағы көпірге АҚШ соққы берді
Инфрақұрылым
13.07.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісін салу мерзімі ерекше бақылауға алынды