Қазақы рух пен жігерге толы Наурыз

Аймақтар
25.03.2025, 09:41
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Ұлыстың ұлы күнін бөлімше ауласындағы алаңқайда тігілген алты қанат ақ орданың маңында атап өткен Қызылорда ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары таңатпастан бөлімше маңында алдымен тазалық сенбілігін өткізіп, ұлттық ойындардан сайысқа түсті.

Нод теміржолшылары алдымен сенбілік өткізіп тазалыққа үн қосты. Бөлімшенің бас ғимараты орналасқан Е.Әуелбеков көшесінің бойындағы ағаш бұтақтары жаяу жүргіншілердің жүріс-тұрысына кедергі келтіруі мүмкін болғандықтан мамандар тарпынан кесіліп, ретке келтірілді. Көше бойындағы ағаштар әктеліп, түбі қопсытылып, тазартылды. Кесілген ағаш бұтақтары мен қалдықтар автокөлікке тиеліп қоқыс алаңына шығарылып тасталды. Теміржолшылардың бұл сенбілігі "Наурызнама" онкүндігінің тазару күніне сәйкес тазалақ пен тәртіпке, ұлттық экологиялық науқанға арналды. Тазалық сенбілігі тек қоршаған ортаны тазартумен шектелмейді, ол теміржолшылардың ішкі жан дүниесін, болмыс бітімін де тәртіпке келтіріп ұдайы тазаруға үндейді.  

Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық спорт күні мен Наурыз мерекесі Қызылорда ЖТ бөлімшесінде айрықша атап өтілді. Білегімен бірді жыққаннан гөрі білімімен мыңды мойындатуға талпынатын теміржолшылар бұл күні ұлттық ойындарға ерекше көңіл бөлді.

Бөлімше ауласында тігілген ақбоз үйдің саясында өткен жарыстарда қатысушылар гір тасын көтеру, қол күресі және арқан тарту сайыстарында бақ сынады. Барлық бөлім өкілдері белсенділік танытып, әр қатысушыға сыйлықтар табыс етілді.

Қыз-келіншектер арасындағы арқан тарту бәсекесі ерекше тартысты өтті. Екі командаға бөлінген қатысушылар жеңісті оңайлықпен қолдан бермей, намысқа тырысты. Кәсіби спортшы болмаса да, олардың жігері мен жеңіске деген құлшынысы спорттық додаға көрік берді.

Қол күресінен жүлделі орындар келесі теміржолшылар арасында анықталды. алдындағы екі қарсыласынан айласын асыра алмаған Жапырақ Оспымбетова 3-орынды місе тұтса, бір ғана теміржолшыға есе жіберген Зәуреш Сүйінова 2-орынды иеленді, ал қарсыластарының түгелін қоғадай жапырып салған Әсел Қамысбаева 1-орынды иеленіп бас жүлдені қанжығалады. Арқан тартысына шыққан қыз-келіншектердің барлығына, онан бөлек бөлімше бөлімдерінің бір-бір мүшесіне де кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жарыстың жеңімпаздары мен қатысушыларын бөлімшенің бас теміржолшысы Батырхан Базарбаев, оның орынбасарлары Бекжан Өтелиев пен Мейрамбек Шолтабаев, бас инженер Күлхан Белкібаев, «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, бөлімшенің кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаевтар құттықтап, ұлттық дәстүрді дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.

Ұлттық спорт – рух пен жігердің көрінісі. Осындай шаралар қызметкерлер арасындағы ынтымақты арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға жол ашады. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл сайыс әріптестерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, қазақы дәстүрлердің ұмытылмас сәттерін жаңғыртты.

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай бөлімшеде ұйымдастырылған ұлттық спорт жарысы әріптестер арасында ынтымақ пен салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті. Бұл шара тек мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қазақы дәстүрлерді жаңғыртып, ұлттық ойындардың маңыздылығын көрсетті. Жарыс бағдарламасында қол күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру секілді әдетте ерлер арасында өтетін сайыстар болды. Алайда, біздің бөлімшедегі аруларымыз да бұл ұлттық ойындарға белсене қатысып, ерлермен бірге барынша күш сынасты. Олар тек қана сұлулығымен емес, сондай-ақ мықтылығымен, төзімділігімен де ерекше көзге түсті. Бұл жарыс аруларымыздың қай салада болмасын мықты әрі қажырлы екендігін тағы бір рет дәлелдеді. Аруларымыздың ұлттық ойындарға белсене қатысуы бұл қазақы рух пен жігердің көрінісі. Жарыс жеңімпаздары мен қатысушылардың барлығына сыйлықтар табысталды»,-деді кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Өмірзақұлы.

Мерекелік шара тек спорттық бәсекелестікті ғана емес, сондай-ақ бір-біріне қолдау көрсетуді, достық пен ынтымақтастықты нығайтуды да көздеді. Қатысушылар арасындағы жарыс тек физикалық күш пен төзімділікке негізделмей, жалпы команда құндылықтарын арттырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті