Ұлттық спорт ойындарына жүзден астам теміржолшы қатысты

Аймақтар
26.03.2025, 14:00
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде Наурыз мейрамы шеңберіндегі Ұлттық спорт күнінде жүзден аса теміржолшы ұлттық ойындарға қатысты. Төл спортымыздың арқан тарту, қол күресі, асық ату, кір тасын көтеру түрінен өткен жарыс командалық тәртіппен жүрді.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Батыс» және «Оңтүстік» аймақтық филиалдары, Вагонсервис мен бөлімше командалары қатысқан спорттық сайыс наурыз тілек, ардагерлердің ақ батасымен басталды.

Жарыс асық ату ойынынан басталып, мерген жігіттер өнері көпшілікті тәнті етті. Ал білекті жігіттер қол күресінің сәнін келтірді. Нағыз балуан жігіттер арасында күш пен білектің мықтылығы сынға түсті. Қазақтың қанына сіңген бәсекелі бәйге – арқан тарту ойыны да қызықты өтті. Ұжым үшін, команда үшін жанын салған жігіттерді жігерлендірген қыз-келіншектер қиқуы да жарыстың сәнін келтірді.  

«Қазақтың ұлттық спорт ойындары бойынша жарыс өте тартысты өтті. Биыл ұлттық мерекеміз Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Жолсеріктеріміздің көбі ораза болса да белсенділік танытып жатыр», – деді Батыс аймақтық филиалы кәсіподақ ұйымының төрағасы Құттыбай Кеулімжайұлы.  

Қазақы нақышта киінген қыздар келушілерге көже, бауырсақ, шұбат ұсынды.  

Спорттық ойындарда үздік ойын көрсеткен Вагонсервис командасы жүлделі бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші орын байқау ұйымдастырушыларына бұйырды. Бөлімше мен «Оңтүстік» аймақтық филиалдар үшінші және төртінші орынды бөлісті.  

«Биыл өңірімізге көктем ерте келді. Жаймашуақты ауа райында Наурыз мерекесі ерекше аталып өтіп жатыр. Ұлттық спортты дәріптеуге арналған шараға бірауыздан қатысып жатқан ұжымдарға алғыс айтамын», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» аймақтық филиалының басшысы Ердәулет Сейтқазинов.

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты