«Jibek Joly» туристік пойызы – Таразда

Аймақтар
27.03.2025, 09:34
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Үшінші рет саяхатқа шыққан «Jibek Joly» пойызының туристері Таразға аялдап, көне шаһардың тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысты.

20-25 наурыз аралығында Алматы, Түркістан, Ташкент, Самарқанд бағытына саяхат жасайтын туристік маршрут бұл жолы кеңейтіліп, аялдамалар тізіміне Орталық Азияның ең көне қалаларының бірі Тараз қосылып отыр. Туристік пойыздың жолаушыларын Тараз вокзалында жамбылдықтар күтіп алып, жолаушыларға ыстық бауырсақ таратылып, саяхат сапарына сәттілік тілеген көңілмен шашу шашылды. Ұлт аспаптар ансамблі күмбірлетіп күй тартып, ән шырқады.

 Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шаһарға келген туристер үшін арнайы қолөнершілердің жәрмеңкесі мен «Керуен шеруі» мәдени іс-шарасы ұйымдастырылды.  

Ұлы Жібек жолы бойында жатқан көне Тараз қаласы екі жыл бұрын дүниежүзілік қолөнершілер қаласының тізіміне енгені мәлім. Сондықтан тараздық қолөнершілердің қолынан шыққан туындылар «Jibek Joly» туристік пойызы жолаушыларының қызығушылығын туғызғаны анық.

«Керуен шеруі» мәдени-тарихи экскурсиясында жолаушыларға Тараз қаласының бай тарихы мен мәдени мұрасы таныстырылды. «Тектұрмас» және «Көне Тараз» этномәдени-тарихи кешені, Қарахан кесенесі секілді шаһардағы маңызды тарихи ескерткіштерге барды.    

Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде