Түркістанға төрт жүз турист келді

Аймақтар
26.03.2025, 16:40
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Наурыз мейрамына «Жібек жолы» халықаралық пойызымен Түркістанға 400-ге жуық турист келді. Саяхатшылар Түркістан қаласының көрікті орындарын аралап, Наурыз мейрамын тойлады.

Түркі елдерінің ортақ мерекесі қарсаңында Түркістанда туристік маусым ресми түрде ашылғаны белгілі. Осыған орай халықаралық бағыттағы «Жібек жолы» пойызы жолға шығып, наурыз мейрамына орай Түркістанда аялдап, Түркі әлемінің рухани астанасы атанған қала тарихымен, мәдениетімен жақынырақ танысты. Арыстанбаб кесенесі мен Отырар қалашығын тамашалап, Қожа Яссауи кесенесіне зиярат етті.

«Жібек жолы» туристік пойызы өткен жылы өз жұмысын бастағандықтан, Түркістан вокзалында қызмет көрсету сапасы артып, ұйымдастыру жұмыстарын ширату шұғыл жолға қойылған. Түркістан вокзалы бастығының кезекші-көмекшісі Гүлжан Тұрғанбаеваның айтуынша, туристік бағыттағы екі пойыз вокзалға 21 және 22 күндері қатар келген. №933/34 және №921/22 нөмірлі пойызбен түркі астанасындағы Наурыз тойын тамашалау үшін 400-ге жуық жолаушы келген.

– Біздің міндетіміз қаламызға келген қонақтарға тиісті қызметтерді көрсете отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп күтіп алып, шығарып салу болып табылады. Сондықтан да біз осы күндері әдеттегі қызметімізді атқарып жүрсек те, айрықша сезіммен ақжарма көңілмен жолаушылардың келуін күттік, – дейді Гүлжан Иманқұлқызы.

Сол күнгі бірінші ауысымда вокзал кезекшісі Біләл Дәулет пен анықтама беру бойынша кезекші Дария Бейсенбай болған. Ал екінші ауысымда вокзал бастығының кезекші-көмекшісі Нұржан Жұмабаев пен Арман Мұқанов және Ақнұр Тұрсынқұлова қызмет көрсеткен. Жолаушылардың бәрі де діттеген жерге аман-есен жетіп, вокзал ғимаратында көрсетілген қызметтерді тиімді пайдаланып, сапарларын жалғастырған. Қызмет көрсету кезінде ешқандай тосын жайт пен оқыс оқиға тіркелмеген.

 

Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде