Түрксіб саябағындағы той

Аймақтар
08.04.2025, 08:49
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Кей жылдарда өңірлерде шаруа жайына қарай «Құт мейрамы, көктем мерекесі» деп атаған Наурызды тойлау сәуірге дейін жалғасып жатады. Жамбылдық теміржолшылар да өткен аптада Тараз қаласындағы Түрксіб саябағында алты ақ үй тігіп, Ұлыс күнін атап өтті.

Ауыл-аймақтардағы Рамазан айының аяқталуын күткен көпшілік қырға шығып, алтыбақан құрып, киіз үй тігіп, Ұлыс күнін тойлауда. Жамбыл жол бөлімшесі ұйымдастырған мерекеде саябақтағы тігілген киіз үйлердің ішіне де, сыртына да ақ дастархан жайылып, теміржолшыларға наурыз көже таратылды. Алтыбақан құрылып, кір тасын көтеру, арқан тартудан жарыс ұйымдастырылды. Алаң ортасындағы үлкен сахнада әннен шашу шашылып, күмбірлеп күй төгілді. Қыз ұзату, беташар, тұсаукесер рәсімдерінен көріністер көрсетіліп, ұлттық салт-дәстүр ұлықталды. Сонымен қатар үздік ұлттық киім үлгісінің иегерлері анықталып, кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар табысталды.  

Жалпы Жамбыл жол бөлімшесі соңғы жылдарда Ұлыс күнін атап өтудің мазмұнын арттыру үшін еңбекте озат, өз міндетін жауапкершілікпен атқаратын теміржолшыларды марапаттауды дәстүрге айналдырып келеді. Мерекелік салтанатта Жамбыл ЖТ бөлімшесінің директоры Айдын Сеитбенбетов, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Мейрамбек Кенжебаев құттықтау сөз сөйлеп, сала мамандарын «Адал еңбегі үшін», «ҚТЖ» ҰК» АҚ дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгілерімен, «Қазақстан темір жолына – 120 жыл» мерейтойлық медальмен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының Алғыс хатымен марапаттады. 

Салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Жұман Сәменов, Жамбыл жол бөлімшесінің қауіпсіздігі бойынша ревизоры Медет Қолдасов «Үздік маман», «Кәсібі бойынша үздік» атанған теміржолшыларға марапат тапсырды.  

Сондай-ақ адал еңбек иелері Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорларының Құрмет грамоталарымен де марапатталды. Лауазымдық міндетін ұзақ жыл жауапкершілікпен атқарған Жамбыл өрт сөндіру пойызының бастығы Марат Керімқұловты шапан жауып, сый-сияпат жасап, құрметті демалысқа шығарып салды.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды