Шынайы алғыс пен құрмет

Аймақтар
09.04.2025, 12:25
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордалықтар теміржол саласының үздік маманы және  білікті басшы бола білген Мұхтар Кеулімжаевты зейнетке шығарып салды.  Өмірінің  44 жылын аймақ теміржолының дамуына арнаған сала саңлағы әсіресе локомотив шаруашылығы еңбеккерлері арасында үлкен бедел мен құрметке ие.  

Мұхтар Кеулімжаевтың еңбек жолы Ақтөбе темір жол көлігі техникумының тепловоз шаруашылығы факультетін техник-механик мамандығы бойынша бітірген соң, 1981 жылы Сексеуіл локомотив депосында басталады.  Жас маман бірден бригадир болып тағайындалады. Екі жыл отан алдындағы борышын атқарып келіп,  1985 жылы қайтадан еңбек жолын жалғастырған ол, өз саласы бойынша білімін жетілдіріп үлкен тәжірибе жинақтайды. Өндірістен қол үзбей Қазақ көлік және коммуникация академиясының локомотив шаруашылығы факультетіне түсіп, инженер-механик мамандығы бойынша жоғары білім алады.    

Уақыт өте келе қызмет бабымен сатылай өскен  Мұхтар Қуанышұлының іскерлігі мен біліктілігі жоғары бағаланып,  депо директорының орынбасары болып  тағайындалады.  Білімі мен тәжірибесін  тепловоздарды талапқа сай жөндеуді қамтамасыз етуге жұмсаған ол талай өнертапқыштық ұсыныстардың авторы.    

Теміржол көлігін реформалау процесіне байланысты 1998 жылы Сексеуіл локомотив депосы қайта ұйымдастырылып, кейіпкеріміз  директордың жөндеу жөніндегі орынбасары қызметінен «Тербенбес» ЖШС директоры қызметіне тағайындалады.  2009 жылы мекеменің атауы өзгеріп, «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің «Сексеуіл локомотив жөндеу депосы» филиалы болып қайта құрылды. М. Кеулімжаев осы жаңадан құрылған мекеменің басшысы ретінде оның дамуына зор үлес қосып,  жаңа заман талабына сай жұмыс жүргізе білген білікті басшы ретінде танылған жан.  Нарықтық қатынастар заңына сай құрылған мекеме бәсекелестікте өз орнын тауып, талай белестерді бағындырды.  

«Бүгін зейнетке шығып жатқан Мұхтар Кеулімжаевтың артында атқарған жұмысы мен жеткен жетістіктері туралы көптеген естеліктер мен жақсы пікірлер қалды. Ол тек жұмысқа деген жауапкершілігі мен адалдығы үшін ғана емес, өзіне сеніп тапсырылған әрбір іске байсалды бастамасы мен байыпты көзқарасымен, жоғары деңгейде ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленген басшы болды.  Ол басқарған  мекеме соңғы жиырма жылдықта талай белестерден өтіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді.  Оның адамдармен, қол астындағылармен қарым-қатынасы әрдайым ізгілік пен адамгершілікке негізделген, ол жұмысшыларға сенім артып, олардың кәсіби тұрғыдан өсіп, дамуына жағдай жасағанды жақсы көретін.  Мұхтар Кеулімжаевты құрметпен зейнет демалысына шығарып салу арқылы біз оған деген  шынайы алғысымыз бен құрметімізді жеткізіп,  оның ерен еңбегін бағалаудың белгісі дер едім. Теміржолшылар, мекеме ұжымы  атынан Мұхтар Қуанышұлына ұзақ өмір, мықты денсаулық тілеп, өмірдің жаңа белесіне жасаған қадамыңыз сәтті болып, алға қойған барлық мақсаттарыңызға қол жеткізіңіз деп тілек білідіреміз», -деді ұжымдастар атынан жылы лебізін білдірген аға шебер Серік Басбақбаев.

Мұхтар Кеулімжаев ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен, «Үздік басшы», «Адал еңбегі үшін» кеуде белгілерімен және «Құрметті теміржолшы» атағымен марапатталған.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды