Абаттандыру айлығы басталды

Аймақтар
10.04.2025, 11:38
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржолшылар «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында екі айлық тазалық маусымын бастады. Жалпыөңірлік сенбілік бір реттік акция емес, жыл бойы жалғасатын болады.  

Осыған орай байтақ желі бойындағы барлық теміржолшылар қауымы жаппай тазалық шараларын қолға алды. Әсіресе теміржол вокзалдары мен елді мекен ішіндегі желінің қос қапталы баса назарға алынуда. Бұл жұмыстардың бәрі жылда жүргізілгенімен биылғы жылы Аягөз, Семей және Өскемен вокзалдарының жөндеуден өтуімен қоса атқарылып, бөлімшеге қарасты нысандар аумағы толықтай абаттандырылатын болады.

– Биылғы жазда Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай үлкен шара өтеді. Президентіміз айтқандай, бұл мерейтойды лайықты деңгейде атап өтуіміз керек. Ал қаланың тазалығы вокзалдан басталатыны анық. Бұл ретте бізге жүктелген жауапкершілік те ауқымды. Семейге келетін қонақтарға меймандарға көркем де таза қаламызды ұялмай көрсете алуымыз керек. Осы орайда өткен сенбі желі бойында сенбілік шаралары басталып кетті. Маусым айына дейін жоспарлы жұмыстарды толық жүзеге асыруға тиіспіз, – дейді бұл орайда НЖС-6 бөлімшесі кадр бөлімінің бастығы Данияр Баймағұлов.

Биылғы жылы абаттандыру мен көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінбек. Аймақ бойынша барлығы 77 мың түп ағаш отырғызу міндеттеліп отыр. Оның сыртында жарықтандыру жұмыстары да қолға алынатын болады. Желі бойындағы тазалық шаралары арнайы комиссияның қарауынан өтетін болады. Бөлімшеге қарасты бірқатар деполар мен станциялар аймақ көлемінде өткізілетін тазалық байқауына қатысуға ниет білдіріп отыр.  

– Бөлімше бойынша басталған тазалық айлығына біз де бір кісідей үн қосудамыз. Вокзал маңайын тазартып, абаттандыру жұмыстарынан соң ағаш егуді бастаймыз. Мәслихат депутаты ретінде де бұл мәселе басты назарымда тұр, – дейді Жаңғызтөбе станциясының бастығы Азамат Нұрғалиев.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті