Көктемгі тексеріс басталды

Аймақтар
14.04.2025, 11:01
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде 14 сәуірден көктемгі комиссиялық байқау басталды. Оның барысында қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың, ғимараттардың жай-күйі, т.б түгел сүзгіден өтеді.

Сондай-ақ теміршолшылардың білім мен біліктілігі, жеке мәселелері, проблемалары да қаралады.  

«Комиссия мамандарымен қамтылған тексеріс арнайы локомотив арқылы жүзеге асырылмақ. Алғашқы екі күн қала басындағы станциялар мен ВЧДЭ-1, ТЧЭ-1, ШЧ-8, ПЧ-9, ЭЧ-4, вокзал, отын қоймасы нысандары қаралып, содан кейін Д.Нұрпейсова, Ганюшкино, Исатай станцияларындағы барлық мекемелер жұмысы қаралады. 21-22 күндері қаладағы нысандар, сонан соң Сағыз – Мақат, Мақат – Құлсары телімдері бойынша басталып, Махамбет, Атырау, Ақжайық, Теңдік станциялары, телімдердегі жол, сигнализация, энергиямен қамту дистанциялары, вагон, локомотив деполары, т.б. нысандар қаралады. Сол жерлерде талқылау жұмыстары да жүргізіледі», – дейді техникалық бөлім бастығы Әзиз Айжарықов.

Бөлімше бойынша биылғы жылдың алғашқы тоқсанында пойыз және маневрлік жұмыстарда өндірістік жарақат алу болмаған. Пайдаланым көрсеткіштерін орындау бойынша нәтижелер жақсы деңгейде келе жатыр. Бұған дейін құрылымдық бөлімдердің өз ішінде көктемгі тексеруге дайындық деңгейі, пойыздық және маневрлік жұмыстарда ақау, өндірістік жарақат алу жағдайы, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техниикалық құралдардың жағдайы, ғимараттардың жай-күйі, абаттандырылуы, жұмысшылардың тәртібі қаралған. Ол тексерулерде байқалған кемшіліктер арнайы комиссиямен осы айдың 14-не дейін қаралады. Сосын мамыр айының ортасына қарай жалпы қорытынды жиын өтпек.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды