Жолаушы қызметінде – қырық жыл

Аймақтар
16.04.2025, 12:40
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Бір салада қырық жыл еңбек етіп, зейнет жасына жету де адам баласы үшін зор абырой. Ал сүйікті жұмыспен айналысу – үлкен бақыт. Оның жарқын үлгісін бүгінгі кейіпкерімізден көрдік.

Болған Орынбаева сонау бір жылдары 18 жасында Атырау вокзалына жүк кассирі болып жұмысқа орналасқан кезін сағынышпен еске алды. Содан бері 43 жыл өтіпті. Бүгін міне зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шығып отыр. 

«1982 жылы 2 қырқүйекте жұмысқа қабылдандым. Он сегіз жастағы қыз едім. Вокзал басшысы Светлана Губашева мені ұжыммен таныстырып, жүк кассасына отырғызды. Сол кездегі жетекші-ұстаздарым жүк кассирі Шара Қанатова, билет кассирі Балсұлу Омарова апаларымыз жұмыстың қыр-сырымен таныстырып, оқытты үйретті. Ол кезде компьютер жоқ, бәрін қолмен жазатынбыз. Осы қырық екі жылдан астам жұмыс өтілімнің ішінде билет кассирі, анықтама беру жөніндегі кезекші, хабарлаушы болып жұмыс істедім. Одан сатылған билеттердің есебін жасайтын қызметке ауыстым. Соңғы жылдары вокзал бастығының кезекші көмекшісі қызметін атқардым. Қырық жыл қалай өте шыққанын білмей де қалдым. Тату-тәтті ұжымда сүйікті жұмысыңды атқарған кезде көңіл-күйің де жоғары болады, уақыт та осылай жылдам өте шықса керек», – деді кейіпкеріміз.

Ұжымда сыйлы, іскер жан ретінде өз ісінің білікті маманы атанған  Болған Амангелдіқызын вокзал ұжымы зор құрметпен зейнет демалысына шығарып салды. Атырау магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Аралбай Қосымбаев вокзалға арнайы келіп құттықтап, гүл шоғын табыс етіп, оған зор денсаулық, отбасы бақытын тіледі және «Қазақстан теміржолына – 120 жыл» төсбелгісін кеудесіне тақты.  

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі