Мамандық таңдау – маңызды іс

Аймақтар
18.04.2025, 08:58
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің «Теміржол көлігінде тасымалдауды басқару және ұйымдастыру» бөлімінің 2 және 3 курс студенттері Атырау теміржол мекемелерінде болып, жұмыс барысымен танысты.

Атырау магистральдық желі бөлімшесінің ашық есік күнін ұйымдастыруына орай студенттердің теміржол шаруашылығымен жақын танысуына мүмкіндік жасалды. Атырау электрмен жабдықтау дистанциясына 34 студент, Атырау және Ақжайық сигнализация және белгі беру дистанцияларына 65, Атырау жол дистанциясына 22, Атырау вокзалына 22 студент барып, болашақ теміржолшылар өндіріспен жан-жақты танысты. Аталған мекеме басшылары мен мамандары теміржолшы мамандығы туралы өздері жүріп өткен жолдарынан естелік айтып, мысалдар келтіре отырып әңгіме өрбітті. Олар жас буынға теміржолшы болудың қиындығы мен жауапкершілігі, темірдей тәртіп, қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбек қорғау, маман білуге тиіс басты қағидаларды түсіндірді.  

Сонымен қатар қазіргі кездегі теміржолшылардың әлеуметтік жағдайы, жалақысы, еңбек процесіндегі арнайы киіммен қамтамасыз ету, жұмысшыға қойылатын талап, оның құқығы мен міндеттері, еңбек және қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша жауапкершілігі, жас маманның мансаптық өсу жолдары, т.б. жайттар әңгіме болды. Студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, оған кәсіби жауап алды.

Студенттерді бастап келген колледж ұстаздары Нағима Сатимова мен Әйгерім Қазмағамбетова шәкірттеріне үлкен өндірістің есігін ашып, жан-жақты білім беріп, экскурсия ұйымдастырған теміржол кәсіпорындарының басшыларына, теміржолшыларға шын жүректен алғыс айтты.  

Бүгінде колледждің аталған бөлімінде 1-4 курста 87 студент білім алып жатса, 4 курс шәкірттері қазіргі уақытта теміржол мекемелерінде өндірістік тәжірибеден өтіп жүр.  

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді