Абай облысының әкімі темір жол вокзалдарының жобасымен танысты

Аймақтар
02.05.2025, 08:39

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Абай облысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы есебінен өңірдегі 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кеше облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі теміржол вокзалына барып, нысанның қазіргі жағдайымен танысты. Мердігер компания өкілдері аймақ басшысына жөндеуден өтетін вокзалдардың жобасын таныстырды.

Бас мердігер Дархан Шотабаевтың айтуынша, құрылыс-монтаждау жұмыстары Семей, Аягөз қалалары мен Ақтоғай, Жалаңашкөл, Шар, Дегелең, Үшбиік, Жарма, Белағаш және Ауыл станцияларындағы теміржол вокзалдарында жүргізіледі. Он жобаның ішіндегі ең ауқымдысы - Семей қаласындағы теміржол вокзалы. Нысанның сырты заманауи еуро панельдермен қапталып, аумағы кеңейтіледі. Вокзал жанынан жолаушылар мен қарсы алушылардың екінші, үшінші жолдарға жеңіл өтуі үшін эскалатор, мүгедектерге арналған лифт, шағын буфеттері бар қосымша ғимарат салынады. Сонымен қатар жүргіншілерге арналған 260 метрлік темір жол үсті көпірі жаңартылады.

Аймақ басшысы инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жобалардың маңызын атап өтіп, жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды.

«Өңірдегі теміржол вокзалдарының жағдайы сын көтермейді. Тұрғындар тарапынан шағым көп түседі. Облыстағы 10 вокзал жөнделсе, логистикалық тұрғыда да, халыққа да қолайлы болар еді. Күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстайтын боламыз», – деді облыс әкімі.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды