«Әкем – асқар тауым»: Қызылордада әкелер мен ұлдар сайысы өтті

Аймақтар
14.05.2025, 15:44
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің  директоры Ербол Саулебековтің төрағалығымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Әкем – асқар тауым» атты мерекелік іс-шара бөлімшенің кәсіподақ ұйымы тарапынан ұйымдастырылды.

Өңірдің теміржол мекемелері басшыларынан құралған әділ қазыларға әріптестерінің сайыстағы өнерлерін таразылау оңай болмады. 

 

«Бұл тағылымы мол шараның басты мақсаты – отбасы институтындағы әкенің рөлін дәріптеу, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай отырып, болашақ ұрпаққа өнегелі тәрбие беру. Әке – отбасының тірегі, қорғаны. Оның әрбір ісі, сөзі, ұстанымы ұл-қызының болашағына бағыт-бағдар береді. Осы орайда ұйымдастырылған сайыс форматындағы іс-шара 5 кезеңнен тұрды. Сайыс оған қатысушы әкелер мен ұлдарының өнері мен шеберлігін, бір-біріне деген жақындығын айшықтай түсті», – дейді бөлімшенің кәсіподақ ұйымының төрағасы Салтанат Махмутова.  

Әкелер мен ұлдар қатысқан дүбірлі жарыста жеңімпаздар деп сайыстың барлық сатысында тұшымды жауап берген Ринат Хоромбаев пен ұлы Бекзат Бекбалаев танылды. Одан кейін жеңімпазға сәл-пәл есе жіберген Қанат Оспанов пен ұлы Айсұлтан 2-орынға жайғасса, 3-орынды Еркебұлан Сүлейменов пен ұлы Иманәлі Шәрібек еншіледі. Кәсіподақ ұйымы тарапынан дайындалған бағалы сыйлықтар жарыс жеңімпаздарына тарту етілді. Басқа да қатысушылар жарыстан құралақан қайтпады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда