Аралда теміржол өткеліне көпір салынды

Аймақтар
15.05.2025, 09:51
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Арал ауданы орталығындағы Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты Арал теңізі станциясының маңында теміржол өткелінің орнына жаңа автокөлік көпірі салынып пайдалануға берілді. Осылайша теміржолдың екі бетіне орналасқан тұрғындар теміржол өткелінен өту үшін пайда болатын кептелістен арылып, аралдықтардың арманы орындалды.

Арал ауданының тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты күн келіп жетті. Аудан орталығындағы теміржол өткелінен өтетін пойыздар кезінде көліктердің ұзын-сонар кептелісте тұратыны жергілікті жұртқа жақсы таныс. Бұл мәселе ақыры шешімін тапты – теміржол үстінен автокөлік пен жаяу жүргіншілерге арналған заманауи аспалы көпір салынып, пайдалануға берілді.

Құны 3 млрд 140 млн теңге болатын, ұзындығы 940 метрге жететін жаңа көпір «Aманат» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асқан ірі жобалардың бірі. Көпірдің ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Aманат» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев және жергілікті тұрғындар, теміржолшылар қатысты.

«Бұл – аралдық ағайынның көптен күткен арманы еді. Көпір көлік қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, аудан халқының тұрмысын жақсартады. Жаңа өткел Аралдың болашағына жол ашып, өңірдің дамуына тың серпін береді»,-деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құттықтау сөзінде.

Салтанатты шарада ҚР Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов жиналған жұртшылықты қуанышты сәтпен құттықтап, мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржанов игі тілекпен батасын берді.

Көпірге түнгі жарықшамдар мен жаяу жүргіншілер жолы орнатылып, заманауи талаптарға сай жабдықталған. Ел игілігіне берілген нысан тек көлік қатынасын жеңілдетіп қоймай, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң ықпал етпек.

Шара аясында өңірдің өркендеуі үшін еңбек еткен азаматтар «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталып, мердігер мекеме қызметкерлеріне облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

Жаңа аспалы көпір – Аралдың дамуы жолындағы маңызды қадам. Бұл нысан алдағы уақытта өңірдің экономикалық белсенділігін арттырып, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға сеп болады деген сенім зор.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты