Абай мұрасы – теміржолшылар назарында

Аймақтар
23.05.2025, 08:50
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша Абай хакімнің 180 жылдық мерейтойына орай мерекелік іс-шаралар легі ресми түрде басталды. Осыған орай бөлімшенің мәжіліс залында филиал директоры Алмас Сейсемқановтың қатысуымен танымдық-тағылымдық басқосу өтіп, онда алдағы уақыттағы атқарылуы тиіс жоспарлы шаралар қаралды.

Биылғы жаз Семей өңіріндегі теміржолшылар қауымы үшін рухани-мәдени іс-шараларға толы болмақ. Мәселен, осы аптада бөлімше басшысы Алмас Ғылымұлының бастамасымен Абайдың тағылымға толы өлеңдерін мәнерлеп оқудан челлендж басталды. Ұлы ақынның «Қайрат пен ақыл жол табар...» өлеңін нақышына келтіре оқуды филиал директоры өзі бастады. Аталмыш игі шараны қоғамдық жұмыстар бойынша жоғары белсенділігімен танылып жүрген Аягөз станциясының теміржолшылары бірден жалғастырып әкетті.  

Бір бұл емес, семейлік теміржолшылар қауымы қаладағы және ақын өмірінің соңғы жылдары өткен Жидебайдағы қорық-мұражайға экскурсия жасауда. Мәселен, НОД-ЖТ қызметкерлері салалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Айгүл Берікболованың ұйымдастыруымен ақын мұражайында болып, рухани танымдық саяхат жасады. Абай өмір сүрген дәуірге үңіліп, хакімнің өзі тұтынған заттарымен танысты. Сондай-ақ Абай шығармашылығы жайлы мол мағлұмат алды.  

– Мұндай іс-шаралардың берері мол. Біріншіден, қызметкерлер арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтсе, екіншіден, қазақтың бас ақынының өмірі жайлы толыққанды мәлімет ала алады. Сол тәрізді әрбір Абай елінің теміржолшысы ақынның ең кем дегенде бір өлеңін жатқа біліп, бір қара сөзінің мазмұнын айта алуы тиіс деген ұстанымға келіп отырмыз, – дейді Айгүл Мырзағалиқызы.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті