Әріптестіктің жаңа көкжиегі

Аймақтар
26.05.2025, 16:58
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша көршілес мемлекеттерге, соның ішінде ҚХР мен арадағы жүк тасымалын арттыру шаралары жаңа деңгейге көтерілуде. Оған басты себеп, қайта құрылған Абай облысы мен Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесі арасындағы географиялық қолайлылық, өзара тауар айналымының артуы, бірлескен инвестициялық бастамалар мен кәсіпкерлік байланыстың нығаюы болып отыр.

Ел шығысы Қытай елі үшін басты сауда серіктесі саналады. Мәселен, өткен 2024 жылы тек бір ғана Семей өңірі бойынша сыртқы жүк айналымының басым бөлігі – яғни 89 пайызы Қытаймен шекаралық сауда арқылы жүзеге асырылыпты. Экспорт көлемі 2,1 миллиард АҚШ долларына жетіп, бір жылда бес есе артқан. Бұл ретте бөлімшедегі Семей және Жаңа-Семей, Аягөз сынды ірі, тораптық жүк станцияларына түсетін жүктемелер ауыр әрі жыл сайын артып келеді. Атап айтсақ, аталмыш станцияларда құрастырылатын жүк пойыздарын Достық станциясына дейін іркіліссіз жөнелту, ҚХР тарапынан үзіліссіз келетін жүк тиелген жылжымалы құрамдар вагондарын шаһардағы өндіріс ошақтарына белгіленген мерзім ішінде жеткізіп, жинап алуға басымдық беріледі. Яғни, контейнерлік тасымал түріне ерекше ден қойылуда. Мәселен, кластан тыс Семей станциясы бойынша бір аптаның ішінде 1500 тонна жүк келіп жеткен. Бұл қазіргі таңда орташа көрсеткіш саналады. Ал қаланың өндірістік аймағына іргелес орналасқан Жаңа-Семей жүк станциясындағы көрсеткіштер бұдан да жоғары. Қос станцияға ҚХР тарапынан келетін контейнерлік жүктердің басым бөлігін негізінен автобөлшектер, азық-түлік тауарлары құрайды. Айта кетерлігі, тасымалдың осы түрі, яғни контейнерлік пойыздар бойынша жүк операцияларын жүргізу үшін әр станцияда жекелей тауар кассалары да ашылған.  

Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімі мамандарының айтуынша, екі аймақтың арасындағы жүк айналымын арттыру және реттеу шаралары жаңа кезеңге көтерілер күн жақын. Себебі Ұлттық компания ҚХР бағытында қазақстандық тараптың өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында биылғы 2025 жылы «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші жолдың құрылысын аяқтауды көздеп отыр. Бұл Абай еліндегі жүк жөнелтушілер тауарларын ірі халықаралық сауда дәліздеріне шығу жолын кеңейтеді. Демек, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша ҚХР-мен арадағы контейнерлік тасымал түрі де мейлінше қарқын ала түсері анық.  

Жалпы, Абай аймағы мен ҚХР-дың Шыңжаң ұйғыр автономиялы өңірі арасындағы сауда-логистика және өндіріс саласындағы әріптестік байланыстардың нығаюы жүк және жолаушы тасымалының артуына жол ашуда. Бұл ретте аймақтардағы инфрақұрылымды жаңғырту және теміржол, әуе және автомобиль көліктерін дамыту, сондай-ақ саланы цифрландыру бағытындағы Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі жоспар аясында бірқатар межелі іс-шаралар бар. Мәселен осы аптаның басында ҚХР-дың Алтай қаласында өткен «Үлкен Алтай» субөңірлік конференциясында «Семей-Үрімші» және «Семей-Шәуешек» бағыттары бойынша тікелей әуе рейстерін ашу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ жеке инвестор есебінен іске асырылатын «Аягөз-Тачен» теміржол желісінің қос өңір экономикасы үшін маңыздылығы да кеңінен сөз болды. Бұл ретте қытайлық инвесторлар тарапы географиялық орналасуының қолайлылығы себепті ел шығысын Қытай, Ресей және Орталық Азияны жалғайтын көлік-логистикалық хаб ретінде дамыту іс-шараларына қатысуға әзір екендігін айтқан. Оның сыртында көрші ел инвесторлары қызығушылық танытып отырған, жаңадан салынатын контейнерлік терминалдар құрғақ порт есебінен де жүк пойыздарының саны көбейе түспек. Демек, Семей ЖТ бөлімшесінің транзиттік-көліктік әлеуеті ҚХР мен әріптестік байланыс себепті тіптен арта түспек.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті