Жұмысқа тұрудың жаңа тәртібі

Аймақтар
30.05.2025, 08:44
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жұмысқа алу тәртібі автоматтандырылған жүйеге көшірілген.

Мамандар кадр бөліміне келмей, арнайы «Job.railways.kz» сайтына тіркеліп, құжаттарын тапсырып, өтініш бере алады.  

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жамбыл өңірі аумағындағы құрылымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысының жағдайы қаралды. Жамбыл филиал директоры Айдын Сеитбенбетов филиалда осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады.  

Директордың айтуынша, мекеме қызметкерлері мен жұмысқа қабылданушы арасында ешқандай байланыс жоқ. Тек қана соңғы кезеңде ғана сұхбат алу үшін шақыртылады. Әңгімелесу барысында жемқорлық әрекетін болдырмау үшін аудио және видео бақылауымен таспаға түсіріледі екен.  

Дерекке сүйенсек, соңғы бес жылда Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі филиалында Сыбайлас жемқорлық әрекеттерге бірқатар мекеме қызметкері жол берген. Олар мемлекет тарапына келтірген шығындарды өтеп, заң алдында тиісті жауап берген. Осы кемшіліктерді ескере отырып, Жамбыл бөлімшесі филиалы бүгінде сыбайлас жемқорлықпен жұмысты күшейтіп, қызметкерлерді арнайы оқыту курстарына жіберіп, ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізуді күшейткен.

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды