Қазақ-қырғыз теміржолшылары Түрксіб түйіскен тұстағы түйткілдерді талқылады

Аймақтар
03.06.2025, 09:03
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Өткен аптада «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының жауапты тұлғалары «Кыргыз темиржолу» УК Жүк тасымалы өкілдерімен кездесіп, тасымал саласындағы ортақ түйткілдерді талқыға салды.

Жамбылдық делегация құрамын филиал директоры Айдын Сеитбенбетов бастап барды. Жалпы Қазақстан темір жолы, оның ішінде Жамбыл бөлімшесіне қарасты аумақ Түрксіб станциясында аяқталады. Ал Мөңке, Меркі, Шалдавар станциялары географиялық-әкімшілік орналасуы жағынан қазақ жерінде болғанымен, шойын жол «Кыргыз темиржолуның» басқаруында. Қос тараптың түйісетін жері – Түрксіб. Қырғыз еліне келетін – импорттық, сыртқа тасымалданатын – экспорттық тауарлар осы станциялар арқылы өтеді. Сондықтан туындайтын ортақ мәселелер аз емес. Кездесуде екі елдің сала басшылары тасымал барысында кездесетін түйткілдерге қатысты мәселелерді ортаға салып, ортақ шешімін іздеді.  

Жамбыл ЖТ директорының логистика жөніндегі орынбасары Тұрсын Раймов, автоматты басқару жүйелері бойынша орынбасары Асылхан Тайлақбаев, филиалдың тасымалдауды ұйымдастыру және шарттары бөлімінің бастығы Болатбек Абдуов, бөлімшенің коммерциялық ревизоры Медет Ұшақбаев, сондай-ақ Алматы магистральдық желі бөлімшесінің Оңтүстік-Шығыс пойыздар қозғалысы басқармасының тасымалдау процесі жөніндегі бөлімінің бастығы Нұрлан Байзақов, Тасымалдау процесі бөлімі бастығының үйлестіру және талдау жөніндегі орынбасары Эльдар Қапсалаев, филиалдың Оңтүстік-Шығыс пойыздар қозғалысы басқармасының Жамбыл бөлімшесі бойынша аға пойыз диспетчері Ербол Искендир, тағы басқа азаматтар қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.  

Қырғыз елі тарапынан «Кыргыз темиржолу» УК Жүк тасымалы бөлімшесінің бастығы Меркебек Тентемишев, теміржол объектілерін және тасымалданатын жүктерді әскерилендірілген күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі филиал бастығы Акбарали Акматов, Локомотив пайдалану шаруашылығы бастығының орынбасары Чингиз Кадралиев, вагон шаруашылығы жөніндегі филиал бастығының орынбасары Турдубек Джаркынбаев, жүк тасымалы бөлімінің бастығы Назира Курманалиева, орынбасары Алтынай Саламатова, қозғалыс бөлімінің аға пойыз диспетчері Нурлан Курманалиев, жүк тасымалы бөлімінің коммерциялық ревизоры Абай Сапарбекуллу және тағы басқа жауапты мамандар пікір білдірді.  

Жүк тасымалы кезінде туындайтын түйінді мәселелер жиынға арнайы шақырылған Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары, подполковник Самат Қойбақов, Жамбыл облысы бойынша ҰҚҚ Шекара қызметі департаментінің басшысы, полковник Ержан Ертуғанов, Шекара қызметі департаментінің Меркі ауданы бойынша бөлім бастығы, подполковник Айдар Бақаев, Меркі теміржол шекаралық бақылау бөлімінің бастығы, майор Санат Спандияровқа қойылып, оларды шешу жолдары сараланды. Мамандар қырғыздық әріптестерге заң талаптарына енгізілген өзгерістер туралы түсіндірді.  

Тараптар жүк тасымалы кезінде ресімделетін ақпараттық құжаттар мәселелеріне қатысты жайттарды, туындайтын проблемаларды белгіленген заң шеңберінде ынтымақтаса отырып шешуге келісті.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды