Жол жаңарады – қауіпсіздік нығаяды

Аймақтар
05.06.2025, 12:32
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі биылғы жылы теміржол табанын заманауи технологиялық талаптарға сәйкестендіру бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Бөлімшеге қарасты теміржол учаскелерінде күрделі, орташа, ағымдық, жоспарлы және күнделікті жөндеу-күтім шаралары жүйелі түрде жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Қаракеткен – Қараиірім, Шиелі – Ақмая разъезі, Жалағаш – Тереңөзек, Екпінді бекеті – Төменарық, Төменарық – Бортескен бекеті, сондай-ақ Қазалы ؘ– Бекбауыл учаскелерінде жөндеу жұмыстары жоспарға сай іске асырылуда. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теміржол учаскелерінің сапасын арттырып, ұзақмерзімді пайдалануға жарамды ету мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар алдын ала бекітілген кестеге сай атқарылуда.  

Біз Қызылорда жол дистанциясының Бәйгеқұм станциясы мен 20-бекет телімдері арасындағы жол бөлігінде ластанған балласт қабатын тазалау жұмысына куә болдық. Техникадан, әсіресе РМ техникасының көмегі зор екен. Жалпы алғанда, жыл соңына дейін бөлімше бойынша 24,2 шақырымдық жолдың балласт қабаты жол машиналарымен толықтай тазартылмақ. Сонымен қатар 50 жаңа бағыттамалық бұрма жиынтығын орнату жоспарланған.

Бөлімшенің жол бөлімі басшысы Ахметқали Елеусіновтің айтуынша, ақаулы жерлерді жою және рельс буындарының тұтастығын қалпына келтіру үшін өздігінен жүретін рельс дәнекерлеу машиналары мен алюминотермитті дәнекерлеу әдістері қолданылып отыр. Бұл тәсілдер дәнекерлеу сапасын арттырумен қатар жұмыс өнімділігін де арттыруға мүмкіндік береді.

Жөндеу жұмыстары барысында Қырқыншы машиналандырылған станциясының жол машиналары белсенді пайдаланылуда. Жұмыстың сапалы орындалуын Актөбе учаскесінің бастығы Мұрат Таужанов, кешен бастығы Қуаныш Мұханбетияров және Қырқыншы жол машиналары станциясының Қызылорда учаскесінің бастығы Ербол Рүстемов өз бақылауына алып, технологиялық талаптардың қатаң сақталуына күш салуда.

Машинистер Сағынай Адайбек, Марат Кенбаев, Ербол Исатаев, машинист көмекшісі Ерлан Жайлыбаев және Нұрлыбек Тағаниязов теміржол техникаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде. Инженер Нұрболат Сақтағановтың айтуынша, жазғы ыстық маусымға байланысты жөндеу жұмыстары кешкі салқын уақыттарда басталып, түнгі және таңғы мезгілдерге дейін жалғасқан.

Жол сапасын арттыруда РМ, «Дуомат-3338» машинасының бастығы Қайрат Нұрпейісов, «ДГС-562» техникасының машинисі Болатбек Көлдеев және «ПБР-868» жол техникасын басқарған Артур Төлеуовтер де жоғары кәсіби шеберлік танытып, толаскез уақытын тиімді пайдалануға күш салуда.    

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда