Жамбыл теміржолшылары цифрлық жүйелер бойынша білімін жетілдірді

Аймақтар
06.06.2025, 09:40
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Бүгінде теміржол саласында цифрландыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бірнеше жыл бұрын қолданысқа енгізілген «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесінің арқасында тасымалды республика ішінде қағазсыз технология арқылы ресімдеу үлесі жыл сайын артып отыр.

Құжаттар электронды түрде қалай ресімделеді? Жауапты қызметкерлер бұл жүйемен жұмыс істеуге қаншалықты деңгейде маманданған? «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – Жамбыл ЖТ бөлімшесінде өткен «Тасымал үдерісіне қатысты автоматтандырылған басқару жүйелері мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуі» тақырыбындағы семинар-тренингте осы сұрақтардың жауабын білдік.  

Бөлімшеге қарасты құрылымдардың жауапты мамандары қатысқан бір күндік оқу семинарын Жамбыл ЖТ бөлімшесі директорының автоматты басқару жүйелері бойынша орынбасары Асылхан Тайлақбаев ашып, мамандардың біліктіліктерін арттырудың мәні мен маңызына тоқталды.  

– Қазіргі заманда цифрландырудың қарқынды дамуымен бірге, теміржол саласында да ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы артуда. Осыған байланысты бізге жаңа міндеттер жүктелуде. Соның бірі – жауапты мамандардың кәсіби білімі мен тәжірибесін үздіксіз жетілдіріп отыру. Цифрлы технология білім мен тәжірибе үйлесімділігін қажет етеді. Бүгінгі семинар-тренингтің мақсаты – автоматтандырылған басқару жүйелері мен ақпараттық жүйелерді қолдану бойынша теориялық білімді тереңдету, практикалық дағдыларды жетілдіру. Сондай-ақ алдын ала әзірлеген квест ойындар арқылы туындайтын мәселелерді бірге талқылап, оны шешу жолдарын қарастыру, – деді Асылхан Намазханұлы.  

Семинардың теориялық бөлімінде Жамбыл бөлімшесінің логистика және тасымалдауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Ануар Үркімбаев «Жергілікті станциялардың жұмысын басқаруға арналған цифрлық құралдар» тақырыбында баяндама жасап, талаптар мен ақпараттық бағдарламалар туралы түсіндірді. Ал автоматтандырылған басқару жүйесі бөлімінің жетекші инженер-технологы Нұрлан Молдахметов ГИД Урал ДСП, ДНЦ пилоттық жобасына тоқталды. Сондай-ақ Тараз станциясының техникалық кеңсе орталығының операторы Майя Донбаева «ГУ-38 электрондық вагон парағын» дұрыс толтыру тәжірибесімен бөлісті.  

Жалпы тақырыптық дәрістерде айтылған мәліметтер семинардың екінші бөліміндегі квест ойындарындағы сұрақтар мен тапсырмаларда кездесетіндіктен, қатысушылар лекторлардың келтірген деректерін ден қойып тыңдап, мұқият жазып отырды. Өз кезегінде бұл тәсіл практикалық тренингтің қызықты әрі тартысты өтуіне ықпал етті. Осының өзі жобаның жай есептік іс-шара үшін емес, нәтижеге бағытталған бастама екенін көрсетті.  

Практикалық бөлімде 5 командаға бөлінген қатысушылар арасында бәсеке жоғары болды. Берілген тапсырмалар бойынша сұрақтарға жауап беріп, зияткер ой шеберлігін танытты. Ситуациялық жағдаяттарды іс-әрекет арқылы бейнелеп, қарсыластарына жұмбақ жасырды. Тағы бір айта кететіні, цифрландыру тақырыбы арқау болған семинардағы тест, сұрақ-жауап тапсырмалары толық ақпараттық технологиялардың көмегімен әзірленген.  

Қызықты да пайдалы, тиімді өткен семинар-тренинг соңында үздік командалар мен арнайы номинация иегерлері марапатталды.  

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды