Атырау вагон құрастыру зауыты жүзінші вагонын шығарды

Аймақтар
10.06.2025, 08:39
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Былтыр ашылған Атырау вагон құрастыру зауыты жұмысын қарқынды жүргізіп келеді. Жуырда отандық өндіріс орнында айтарлықтай жаңалық орын алды: зауыт конвейерінен 100-ші номерлі вагон шықты. Өндіріс орны болашақта Қазақстан темір жолын жылжымалы құрамның түр-түрімен қамтамасыз ететін болады.

ТЕХОЛ компаниялар тобына кіретін «Атырау вагон құрастыру зауыты» ЖШС халықаралық сапа стандарттарына сай, әлемдік жетекші өндірушілердің заманауи автоматтандырылған жабдықтарымен жабдықталған, әр түрлі мақсаттағы жүк вагондарын шығаруға маманданған. 100-ші вагонның шығарылуы – өндірістің тұрақтылығын білдіретін көрсеткіш қана емес, сонымен қатар импортты алмастыру мен отандық өнімнің нарықтағы үлесін арттыру стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды қадам.  

Отандық өндіріс жайлы таратып айтсақ, «Атырау вагон құрастыру зауыты» ЖШС-нің негізгі қызметі – сусымалы, ірі габаритті, сұйық, жартылай сұйық және өнеркәсіптік, тағысын тағы түрлі жүктерді тасымалдауға арналған жүк вагондары мен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған цистерналар, үш өсті тіркеме платформаларын шығару. Бұл платформалар үлкен көлемдегі жүктерді минималды жүктемемен тасымалдауға арналған. 2024 жылы зауыт сертификаттаудан сәтті өтіп, люкті ашық вагондарды, фитингті платформаларды және өстік жүктемесі 23,5 тс болатын екі өсті арбаларды 2029 жылға дейін сериялық шығаруға сәйкестік сертификаттарын алды. Зауыт толық қуаттылығына 2027 жылға қарай көшеді деп жоспарланып отыр. Сол кезде жылына 7-8 мың вагон шығарылады деп болжануда. Қазіргі таңда зауытта 350 адам еңбек етсе, жыл соңына дейін тағы жүздеген мамандар жұмысқа орналаса алады.  

Зауыттың алдағы жоспарында өнім түрлерін кеңейту мен өндіріс көлемін ұлғайту бар. Бүгінгі күні теміржол көлігінде жүк вагондары паркінің басым бөлігі ескірген, жаңа да жарамды жылжымалы құрамға тапшылық артып отыр. Сондықтан отандық өндірістің қуатын арттырып, импорт алмастыруда тың қадамдар жасау – уақыт талабы.  

Осы мақсатта зауыт аумағында тағы бір жобаны жүзеге асыруға қадам жасалуда. Атап айтқанда, қазақстандық «Техоl Steel Technology» ЖШС мен қытайлық «Hubei Provincial Mechanical and Electrical Institute GROUP Co LTD» арасында келісімшартқа қол қойылды. Келісімшартқа сәйкес, қытайлық серіктес бес ай ішінде теміржол вагондарына арналған болат құйма бөлшектер өндіретін зауыттың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлейді. Соған сәйкес, қазіргі уақытта зауытта кірме жолдар төсеу жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылдың соңына қарай болат құйма бойынша негізгі өндірістік цехтардың құрылысы басталады. Аталған жоба Атырау қаласында қалыптасып жатқан ірі индустриялық клас- тер аясында жүзеге асырылуда. Бұл кластердің ядросы – Атырау вагон зауыты. Құйма бөлшектер өндіретін зауыттың толық өндірістік циклымен іске қосылуы 2027 жылдың басына жоспарланған. Ол зауыттың жобалық қуаттылығы – жылына 30 000 тонна болат бөлшектер әзірлеу. Негізгі өнім түрлеріне тірек, тірек табақ, тартқыш, қысқыш, букса корпусы және басқа да компоненттер кіреді. Аталған алаңда өнім шығарудың басталуы Атырау вагон зауытына вагон жасауға қажетті қосалқы бөлшектерді отандық деңгейде өндіруге мүмкіндік береді. Негізгі шикізат – металл сынығы мен феррақоспалар Қазақстан аймақтарынан жеткізіледі деп күтілуде.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды