Тәжірибеге негізделген білім ордасы

Аймақтар
10.06.2025, 08:40
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол саласындағы жұмысшы мамандықтарын даярлауда кәсіптік білім беретін оқу орындарының атқаратын рөлі зор. Бұл орайда ел аузында «теміржол колледжі» аталатын Семейдегі электротехникалық білім ордасының алар үлесі зор.

Семей ЖТ бөлімшесіндегі орта буын мамандардың басым бөлігі осы колледждің түлегі. Оқу орнын бітірген әрбір жас теміржол саласындағы өндіріске бірден бейімделіп, жаңадан бастаған ісін ілгерілетіп кете алады. Оған себеп бөлімше мен колледж арасындағы тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас деуге болады. Жұмысшы мамандықтарын дайындайтын бұл колледждің басқа оқу орындарынан басты ерекшелігі – оқу тәжірибеге негізделеді. Яғни кәсіптік білім беру студенттерді нақты жұмыс жағдайына дайындайды. Мәселен, оқу барысында студенттер желі бойындағы шаруашылықтарда болып, тәжірибелік дағдыларды меңгереді. 

 

Жалпы, бүгінде ел шығысындағы теміржол саласында кәсіптік мамандықтар сұранысқа ие. Бұл ретте колледж желі бойында еңбек етуге аса қажетті электрик, тепловоз машинисінің көмекшісі, станция кезекшісі, теміржол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару саласының техникұйымдастырушысы, өндірістегі автоматика т.б. мамандарын дайындайды.  

70 жылдық тарихы бар білім ордасын жылына шамамен 250-300 түлек бітіреді екен. Басым бөлігі НЖС-6 қарасты мекемелерге жұмысқа қабылданады. Бүгінде бірқатары станция бастығының орынбасары, бас инженері сынды лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып жүр. Бүгінгі Семей ЖТ бөлімшесіндегі теміржолшылардың 30 пайыздан астамы осы колледждің түлектері.  

– Абай облысы бойынша халықаралық аккредитациядан өткен жалғыз колледжбіз. Біздің студенттеріміз WordSkills өңірлік, республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып жүргенін барлығы жақсы біледі, – дейді бұл орайда колледж директоры Марат Серікболұлы.  

Айта кетерлік тағы бір жайт, мұнда өңірдегі жұмыссыз азаматтар Еңбек мобильділігі орталығы арқылы оқудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, теміржол бойына жұмысқа орналаса алады.  

Колледжде студенттерді ынталандыру мақсатында басқа да түрлі жұмыстар жүргізіледі. Бұрын бітірген түлектермен байланыс тығыз. Олар студенттермен кездесулер өткізіп, өздерінің өндірісте жеткен жетістіктерімен бөлісіп отырады. Мәселен, осы білім ордасының түлегі, теміржол саласындағы түрлі қызмет сатыларынан өткен, Семей станциясының бас инженері Бекзат Кәрімханов жастармен жиі жүздесіп, теміржол саласында табысқа жетуде өз тәжірибесімен бөлісуде. Сонымен қатар жыл сайын студенттер кәсіпорындарға экскурсияға барады. Тәжірибеден өту барысында сол өндірістерге керекті есеп жүргізіп, арнайы сабақтарына жоба жасайды. Бұл ретте ТЧЭ-24, Семей жол дистанциясы, ЭЧ18 мекемелеріндегі нұсқаушы мамандардың еңбектері елеулі.  

Колледж ұжымы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бар күш-жігерін салуда. Студенттерге кәсіби бағдар беріп, теміржолшы маман ретінде қалыптасуларына барынша жағдай жасағаны үшін Семей ЖТ бөлімшесі басшылығына айтар алғыстары зор.  

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды