Атырауда жолдар жаңарып жатыр

Аймақтар
16.06.2025, 10:49
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жасыратыны жоқ, Атырау өңірінде әлі де болса жаңартатын жолдар бар. Биыл Атырау магистральды желі бөлімшесі, Атырау жол дистанциясына берілген темір жолды күрделі жөндеу жоспары 40,5 шақырым.  

Дистанция бастығы Нұрбай Темірзақтың айтуынша, Ганшкино-Атырау учаскесінің 3,4,5 разъездері аралығында оның бүгінгі күнге дейін 24,8 шақырымы орындалды.

«Аталған участоктерде бұрынғы ағаш шпалдар түгелдей алынды. Әуелі жаңа мен ескінің түйіскен тұсы тазаланып, бұрандалары ағытылды. Сол сәтте кранмен ескі рельс шпалымен қоса көтеріліп алынды да, бос вагонға жиналды. Содан кейін тракторлар рельсі алынған жолды жыртып, тегістеп, салмақпен нығыздап, жол жаңа темірбетонды шпалдар төсеуге әзірленді. Жердің негіздемесі төселіп, шебін төсеу, жерді нығыздау, басқа да жұмыстар технологиялық талаптарға сай жасалды. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында 6 сағаттан толаскез алынып отырды», - дейді ол.  

Жұмыс барысында ауыр жүктерді көтеріп-түсіруге (темір бетонды бұрмаларды, бағаналарды, шпалдарды, ауыр техникалардың қосалқы бөлшектерін) түсіруге КЖ-562 маркалы кран пайдаланылып, ДУАМАТ, Унимат, ДГС, ПБР, ВПРС т.б. машиналар да қолданылған. Содан соң 25 метрлік дайын жаңа рельстер жолға қойылып, олар талапқа сай орнатылған.  

Сондай-ақ, биыл дистанция бойынша жоспарланған күшейтілген орташа жол жөндеу жұмыстары 6,363 шақырым болса, бүгінде оның 2,175 шақырымы орындалған. Ол жұмыстар ст. Ганюшкино-9-10 разъездер аралығында жүргізілген. Р-50 рельстерін Р-65-ке алмастыру жұмысы да дистанция жоспарындағы кезек күттірмес істердің бірі десе болады. Биыл барлығы 14,690 км рельс алмастыру қажет болса, қазіргі уақытта Аққыстау, 15-разъезд, ст. Атырау, ст. Сағызда 1,223 км жасалған. Өңірде темірбетонды шпалдарға жаңа бағыттамалы бұрмалар да орнатылып, 4 жиынтық бұрма жаңасына ауыстырылған. Ганюшкино-Исатай учаскесі аралығында жаңа рельстерге сай бұрынғы пайдаға асатын бұрмаларды ауыстыру 6 жиынтық болды, жоспардағысы 20 жиынтық.  

«Барлық жол жөндеу жұмыстары рет-ретімен жасалып жатыр, ол әрине алдымен қозғалыс қауіпсіздігін сақтайды, содан кейін пойыздардың өткізу қабелітен арттырады, яғни жылдамдыққа да әсері бар», - дейді депо басшысы.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды