«Таза Қазақстан»: Семей теміржолшылары санитарлық тазалықты күшейтуде

Аймақтар
02.07.2025, 15:28
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар кідіріссіз жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың сәуір айындағы №133 бұйрық бойынша қолға алынған іс-шаралар тікелей бөлімше басшылығының назарында тұр.

Бірінші кезектегі басты міндет – жалпы ұзындығы 728 шақырым бас жолды құрайтын желі бойына тазалық жүргізіп, талапқа сай ету.

Семейлік теміржолшылар бұл іргелі шараға кешенді түрде кіріскен болатын. Әуелгі кезекте барлық мекемелерде жиындар өтіп, жұмыс барысы жоспарланды. Сондай-ақ арнайы инструктаждар жүргізілді. Кадр бөлімі басшылығы әкімшілік-шаруашылық бөлімімен бірлесіп сенбілік өткізілетін аумақтарды белгілеп шықты. Осылайша жергілікті әкімдіктермен және коммуналдық қызмет өкілдерімен келісілген түрде қарқынды жұмыс басталған-ды.  

Осы орайда қазіргі күндері де желі бойында сенбіліктер жиі өткізілуде. Санитарлық тазалық іс-шаралары әсіресе Аягөз, Жарма, Жаңғызтөбе, Шар, Жаңа-семей сынды тораптық станцияларда жиі ұйымдастырылады. Атқарылып жатқан істер өткен көктемгі комиссиялық бақылау кезінде басты міндеттердің бірі ретінде есепке алынған еді. Яғни желі бойындағы мекемелер жұмысының негізгі көрсеткіші ретінде де бағаланған болатын.

Бұл ретте кластан тыс Семей станциясы өзге мекемелерге жан-жақты түрде үлгі болуда. Мәселен, осынау тораптық станция сенбілікке кең көлемде кірісіп, барлық станциялық жолдар мен ғимараттар маңы толықтай тазартылды.

Станция басы автокөлік жолдарынан біршама алыс жатуы себепті жиылған қоқыс арнайы платформаға тиелініп, кейіннен жүк машиналарына қайта тиелді. Желі бойында мұндай ауқымды шара бұрын-соңды болмаған еді. Сенбілік жұмыстарына 1 платформа, 4 жүк көлігі тартылды. Ал аумақты тазалауға станциядағы барлық теміржолшылар 100 пайыз қатысты.

Айта кетерлігі, семейлік қозғалысшылар тазалық акциясының ауқымын кеңейтіп, оны қайта жаңару мен жаңғыртудың басты алғышарты етіп алып отыр.

– Биылғы сенбіліктердің жөні бөлек. Келесі айда Семей елінде  ұлы Абайдың 180 жылдық дүбірлі тойы өткізілмек. Яғни ел түкпірі мен шет елдерден ағылатын қонақтар саны да көп болары анық. Демек тазалық шараларының да маңызы жоғары деген сөз. «Таза Қазақстан» акциясы аясында станция басы талапқа сай етілді. Абаттандыру, көгалдандыру да ойдағыдай жүзеге асырылуда. Мәселен, соңғы рет 2010 жылғы алапат өрттен кейін қайта жаңғыртылған станция ғимараты, сырт келбеті алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп, мүлде жаңаша кейіпке енуде, – дейді бұл орайда пікір білдірген Семей станциясының бас инженері Бекзат Кәрімханов.

Мұндай жұмыстар жолаушылар нөпірі мол, мәслихат депутаты  Азамат Нұрғалиев басқаратын Жаңғызтөбе станциясында да жүргізілуде.

Жалпы, апта сайын өткізілетін сенбіліктерге желі бойындағы барлық станциялардағы теміржолшылар қауымы атсалысып, 20 мыңнан астам қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы белгіленген қоқыс полигонына шығарылды.  

Алда да атқарылуы тиіс жұмыстар бар. Мәселен теміржол бойының жекелеген аумақтарына, жеке сектор маңына «Қоқыс тастауға болмайды» деген ескертпе белгішелер қойылып, жаяу жүргіншілер өтетін жол өтпелеріне арнайы бейнекамералар орнату да межеленіп отыр.  

Жергілікті теміржолшылар осынау тазалық акциясын жыл бойы жүргізуге ниетті. Жоғарыда аталған жұмыстар нәтижесінде тек желі бойында ғана емес, жалпы Абай елінде экологиялық мәдениет, эстетикалық талап пен талғам жоғарылап келе жатқанын айта кеу керек.  

 

Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
11.06.2026
Астанадағы C5+1 диалогында Транскаспий дәлізін дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
11.06.2026
«Теміржолсу» АҚ мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізді
Жаңалықтар
11.06.2026
Астана Халықаралық университетінің студенттері ҚТЖ жұмысымен танысты
ҚТЖ келбеті
11.06.2026
Семейлік инженер Мария Тұрсынова «Үздік рационализатор» атанды
Спорт
11.06.2026
Жолшылар мен машинистер арасындағы тартысты дода
Әлемде
11.06.2026
ЕО шекарааралық теміржол қатынасын жеңілдететін жаңа ережелер қабылдады
Жаңалықтар
10.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың балаларын марапаттады
Әлемде
10.06.2026
Түркия алғашқы жүрдек пойызын сынақтан өткізіп жатыр