Құлсары дистанциясында жол жөндеу қарқын алды

Аймақтар
04.07.2025, 08:42
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл өңірде инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, кеңейту, технологиялық процестерді жетілдіру мақсатында жол шаруашылығы бойынша аймақта 66,8 шақырым жол күрделі жөндеуден өтетін болып бекітілген.

Соның ішінде Құлсары жол дистанциясы бойынша 26,321 км – Майкөмген-Рзд-465-467-468 аралығы. Құлсары жол дистанциясы техника бөлімінің бастығы Әбілқасым Бурабековтің айтуынша, бүгінгі таңда Құлсарыда жұмыс қызған. 11 желілік айналымы мен ПДМ, ПЗ сынды цехтары және механикалық шеберханалары бар дистанция Мақат – Бейнеу бекеттері аралығындағы 296 км жолдың күтіміне жауапты. Дистанцияның қызмет көрсету аумағында төрт желілік станция мен жеті бөліктік пункт, 1 класты Құлсары станциясы, 14 теміржол өткелі, 11 теміржол көпірі, 18 теміржол өткелі, жүзге жуық темірбетон тұрбалар бар, олардың бәрінде де қауіпсіздік шаралары сақталған.

– Күрделі жөндеу жұмыстары бізде осы шілде айында жоспарланып отыр. Соған сәйкес аталған телімде бұрынғы ағаш шпалдар түгел алынады. Жердің негіздемесі төселіп, шебін төсеу, жерді нығыздау, басқа да технологиялық талаптарға сай жұмыстар жасалады. Құлсары станциясы мен 472-рзд аралығындағы 2,4707 шақырым күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары да тамыз айына жоспарланған. Дистанция бойынша биыл 1,6 км ескі Р-50 рельстерін жаңа Р-65-ке ауыстыру көзделіп, қазіргі уақытта Құлсары станциясы, Рзд-Қоркөл-461-463-464 бекеттерінде оның жартысына жуығы орындалған. Сонымен қатар ағымдағы жылы Құлсары станциясында 10 жиынтық темірбетон бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ескі бұрмаларды жаңа Р-65-ке ауыстыру бойынша 5 жиынтық ауыстырылған, – дейді техника бөлімінің бастығы.  

Теміржолшылардың бас ауруына айналған мал мәселесі құлсарылықтар үшін де өзекті. Бүгінде дистанцияға қарасты Майкөмген станциясы, рзд-Сарға, рзд-461-467 арлығында 15,3 км көлемінде қоршау салынып жатыр.  

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды