Абай әлеміне саяхат

Аймақтар
04.07.2025, 09:00
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей теміржолында Абайдың 180 жылдық мерейтой- ына орай танымдық және тағылымдық мәні зор іс-шаралар көптеп өткізілуде. Абай мұражайына экскурсия, ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан челлендж жыл басынан бері жалғасын тауып келеді.

Ал ТЧЭ-24 – Семей локомотив пайдалану депосының теміржолшылары ақын мерейтойына даярлық аясында тағы бір тамаша іс-шараны қолға алды. Мекеме басшылары немесе кадр бөлімі басшылығы кез келген жұмыс кабинетіне кіріп Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты тосыннан сауал қояды. Тез әрі нақты жауап берген теміржолшы жеңімпаз атанады.  

Бұл ретте тепловоз машинисі Елзат Тлекин барлық сауалдарға дұрыс жауап беріп, эрудициялық білімімен баршаны таңғалдырды. Айта кету керек, машинисті көрген адам тура 50-55 жастар шамасындағы хакім Абайды көргендей әсерде болады. Сырт келбеті ұлы ақынды еске түсіретін машинист шын мәнінде Абайдың аталас туысы болып келеді екен. Туған нағашы атасы Бекзат Үсенбайұлы Жидебай жеріндегі Абай мұражайында ұзақ жылдар қызмет етіпті. Ал өз атасы, заманында Абаймен үзеңгілес жүрген туысы Тілеке Орынбайұлы кезінде заңғар жазушы Мұхтар Әуезовке «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуда көп көмектесіп, хакім өмірі жайлы деректермен бөліскен жан.  

Басынан «Абай тақия» аталатын ұлттық бас киімді тастамайтын машинист жуырда әріптестерімен Семейдегі ақын мұражайына барып, локомотившілерге үлкен әулет шежіресін таныстырды. «Абай – тек семейліктердің ғана емес, барша қазақтың мақтанышы» дейді ол.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады