Елдің ықылысы – еңбектің өтеуі

Аймақтар
14.07.2025, 12:17
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Бір есептік сайлау мерзімі бес жылды құрайды десек, Жамбыл жол бөлімшесінде кәсіподақ ұйымын жиырма жылға жуық басқарған Жұман Сәменовті теміржолшылар үш мәрте қайта сайлапты. Бұл – кәсіподақ мүшесі болып табылатын қарапайым еңбек адамының сенімі деген сөз.

Теміржолшылар кәсіподағы ұйымының Жамбыл филиалына 19 жыл төрағалық еткен Жұман Сәменовті құрметті еңбек демалысына шығарып салған салтанатты жиында әріптестері осыны айтты. Сала кәсіподағы төрағасының орынбасары Ғафу Несіпбаев, «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев, Орталық тексеру комиссиясының төрағасы Нұржан Асқарбаев, тағы басқа азаматтар арнайы келіп, кәсіподақ ардагеріне жылы лебіздерін білдіріп, құрмет көрсетті.    

– Көпшіліктің шынайы құрмет-ықыласынан асқан баға жоқ. Көпшіліктің бүгінгі ықылыс-құрметі әріптесіміздің кәсіподақ ұйымына сіңірген еңбегінің өтеуі екені талас тудырмайды. Ендігі тілек – бейнеттің зейнетін көріңіз, – деген Ғафу Оразұлы Жұман Тұрғынбайұлының иығына шапан жапты.

Жиында Жамбыл ЖТ бөлімшесінің директоры Айдын Сеитбенбетов пен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Мейрамбек Кенжебаев жамбылдық теміржолшылардың ізет-тілегін жеткізіп, Құттықтау хат тапсырып, сый-сияпат көрсетті.  

– Станция бастығы болып тұрғанымызда мекемеге керектіні бір айтып, ұжымдағы еңбек қауіпсіздігі мәселесін екі айтып, алдыңызға талай келдік. Сол мәселелердің бәрінің уақытылы шешілуіне ықпал етіп, кәсіподақ тарапынан қолдан келген көмекті жасауға ұмтылып, кез келген теміржолшының тілегін тыңдап, өтінішін аяқсыз қалдырмайтын ұстанымыңыз кейінгі кәсіподақ қызметкерлеріне үлгі болсын, – деді Айдын Пайзылдаұлы.

Жамбыл облысы, бұрынғы Луговой станциясында дүниеге келіп, теміржол жағалап өскен Жұман Сәменов Омбы теміржол көлігі инженерлері институтын «Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша бітіріп, Жамбыл теміржолында отыз бес жылдай жемісті еңбек етті.    

Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі болып бастап, Жамбыл жол бөлімшесінің пойыз диспетчері, Жамбыл станциясы, жол қозғалысы бөлімінің, жол және құрылыс бойынша жол байланысы бөлімі бастығының орынбасары, бас экономист, Жамбыл бөлімшесі директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

Ал кәсіподақ қызметінде әріптестері Жұман Сәменовті қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау бойынша қойылған міндеттерді шебер және сапалы шешіп отырған төраға ретінде жоғары бағалайды. Оның еңбек дәстүрін сақтаудағы адал ұстанымдары мен жұмысқа деген ішкі жауапкершілігі, кәсіподақ қызметіндегі белсенділігі ұжымда кәсіподақ қозғалысының қалыптасуына жол ашты. Ол еңбек ұжымдары арасындағы бірлікті нығайтуға және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының дамуына елеулі үлес қосты.

 

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды