Жамбылда ревизия нәтижелері жарияланды

Аймақтар
15.07.2025, 08:46
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Жамбыл учаскесі бойынша ревизия аппаратының жүргізген тексерулерінің қорытындысы бойынша Жамбыл жүк тасымалы және Магистральдық желі бөлімшелеріне қарасты құрылымдарда биылғы бес айда қозғалыс қауіпсіздігін бұзуға жол берілген 8 жағдай анықталған.

Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш екі оқиғаға төмендегенімен, қозғалыс шаруашылығында бұл көрсеткіш артқан. Жүргізілген талдау-сараптаулардың нәтижесі құрылымдық бөлімшелерде қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларына бақылау төмендегенін көрсетіп отыр. «Қадағалаудың тиісті деңгейде болмауынан шаруашылықтарда қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйі ай сайын нашарлаған» дейді ревизорлар.  

Жамбыл аймақтық бас ревизор Медет Қолдасов жыл басынан бастап қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша 325 тексеру жүргізіліп, 2559 сәйкессіздік анықталғанын, 467 тыйым салынған және шектеу сипатындағы шаралар қабылданғанын атап өтті.  

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде 19 локомотив, 89 жүк вагоны, 2 арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам пайдаланудан шеттетілді. Жабық 44 станциялық жолдың және 31 бағыттамалы бұрманың қозғалысы үшін қозғалыс жылдамдығы 163 шақырымға шектелді. Жүк тасымалы мен Магистральдық желі бөлімшелері тарапынан профилактикалық іс-шаралар тиісті деңгейде жүргізілуі тиіс. Орын алған жағдайлар қауіпсіздік шараларының сақталмағанын көрсетеді. Шу, Жамбыл станциялары мен локомотив пайдалану деполарының басшылары қозғалыс қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты станция, сұрыптау дөңестері бойынша кезекшілер, пойыз құрастырушылар, сигнал берушілер және локомотив бригадалары жол беретін өрескел жүйелік бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдамаған. Соның салдарынан, атап айтсақ, Бірлік-1, Көктас, Құмшағал, Түрксіб станцияларында жиі қайталанатын бұзушылықтардың кесірінен бағыттамалы бұрмалардың кесінділері «басқарылмайтын» күйде қалып отыр, – дейді Медет Қолдасов.  

Ревизорлық аппарат орын алған жағдайлардың негізгі себебі – сала қызметкерлері мен жұмысшылардың техникалық білімінің төмендігі екенін алға тартады. Бұған желілік және өңірлік деңгейдегі басшылардың әкімшілік және техникалық шаралар қабылдамауы, қозғалыс қауіпсіздігін бұзу тәуекелдерінің дер кезінде анықталмауы, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін іске асыру бойынша профилактикалық жұмыстар мен бақылау жүргізілмеуі тікелей әсер етіп отыр.  

– Ал теміржолда орын алған жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – автокөлік жүргізушілерінің жол жүру ережелерін сақтамауы. Жүргізушілер өткелдегі дабылдарға қарамай, жолды кесіп өтуге асығады. Салдары пойыздар мен машиналардың қақтығысына әкеліп соғуда. Нәтижесінде жолаушылар жарақат алады, локомотивтер зақымданады, пойыздар кестеден кешігеді.  

Жамбыл бөлімшесіне қарасты жол жағдайы жаман емес, пойыздардың, оның ішінде «Тальго» вагондарынан құрылған жолаушылар пойыздары үшін жоғары жылдамдық белгіленген. Олар өз конструкциясы бойынша жеңіл болғанымен, жол-көлік оқиғалары орын алған жағдайда салдары ауыр болуы мүмкін. Біз осыны ескеріп, автокөліктің қарқынды қозғалыс орындарында орналасқан күзетілмейтін теміржол өткелдері арқылы пойыздардың жүру жылдамдығын 140 км/сағаттан 40-60 км/сағатқа дейін төмендету мәселесін қарастыруды ұсындық.  

2022 жылғы 1 қарашадағы қайғылы оқиға көпшіліктің әлі есінде. Тараз – Шу учаскесінің 3674 шақырымындағы «Қорағаты – Тәтті» аралығында күзетілмейтін, реттелетін теміржол өткелінде №78 «Маңғыстау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызына «Ауди100» маркалы жеңіл автокөлігі қақтығысып, жол апаты орын алды. Көліктегі 6 адам қайтыс болды.  

Биылғы маусым айында бірнеше оқиға орын алды. Локомотив бригадалары жол-көлік оқиғаларының алдын алмаса, салдары қалай боларын болжаудың өзі қиын... Таратып айтсақ, № 34 жолаушылар пойызының машинисі Аспара – Шу аралығының 3730 шақырымында тура өткел үстінде трактордан ажырап қалған тіркемеге жеткізбей құрамды шұғыл тоқтатып үлгерді. Дәл осы күні №86 жолаушылар пойызының машинисі де қырағылық танытып, тағы бір апаттың алдын алды. Ал 13 маусымда Аспара – Шу аралығының 3730 шақырымында орналасқан күзетілмейтін, реттелетін теміржол өткелінде сағатына 58 шақырым жылдамдықпен келе жатқан №2057 жүк пойызының машинисі өткел үстінде моторы өшіп қалған «Камазға» 50 метр жетпей, локомотивті шұғыл тоқтатып үлгерді. Міне, бір айдың ішінде, араға апта салып, 3 бірдей оқиға орын алып отыр, – дейді аймақтық бас ревизор.  

Бұл ретте әрине машинистер қырағылығын ерекше атап өткен жөн. Дегенмен, бас ревизордың пікірінше, осы оқиғалар қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда профилактикалық іс-шараларды күшейту қажеттігін көрсетеді. Сонымен қатар теміржолшылар жауапкершілігін арттыру қажет. Кадрларды кәсіптік талаптарға сай жасақтау және қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты мамандарды, лауазымдарды кәсіби іріктеуі керек.  

– Еңбек және технологиялық тәртіпті нығайту, қызметкерлердің техникалық білім деңгейін арттыру және тағы басқа да міндеттердің орындалуы қатаң қадағалануы тиіс.Тәртіп пен талап бар жерде – жүйелі жұмыс бар, – дейді бас аймақтық ревизор Медет Қолдасов.

 

Жаңалықтар
09.06.2026
Алматы өңірінде теміржол инфрақұрылымын көктемгі тексерудің қорытындысы шығарылды
Жаңалықтар
09.06.2026
Құрық пен Махачкала порттары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жолаушылар тасымалы
09.06.2026
ҚТЖ жазда Бурабай бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдамақ
Жүк тасымалы
09.06.2026
Алашаңқай станциясында алғаш рет қатты желдің салдарынан 14 төтенше дайындық режимі енгізілді
Сұхбат
09.06.2026
Ұлттық тасымалдаушы теміржол қатынасын қалай дамытып жатыр?
Станция тынысы
09.06.2026
Сам станциясына пойыз тоқтайтын болды
Аймақтар
09.06.2026
Өткелдегі қауіпсіздік өзекті мәселе
Инфрақұрылым
09.06.2026
Экологиялық мәдениет – өркениет белгісі
Қауіпсіздік
09.06.2026
Бес жылда – жеті оқиға
Аймақтар
09.06.2026
Семейде желі бойының тазалығы тексерілді
Жаңалықтар
09.06.2026
Адал еңбек алғысқа лайық
Аймақтар
09.06.2026
Қандыағаштық теміржолшы ірі апаттың алдын алды
Жаңалықтар / Мұрағат
09.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №44 9 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
08.06.2026
Вокзалда тәртіп бұзған азамат жауапқа тартылды
Аймақтар
08.06.2026
Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет
Жаңалықтар
08.06.2026
Alstom Қазақстанда жаңа сервистік депо салып жатыр
Инфрақұрылым
08.06.2026
Сексеуіл стансасында жаңа вокзал құрылысы қарқын алды
Инфрақұрылым
08.06.2026
Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Жаңалықтар
08.06.2026
Бакуде Қазақстанға арналған алғашқы контейнерлік кеменің құрылысы басталды
Спорт
08.06.2026
ҚТЖ алғаш рет футзалдан балалар арасындағы республикалық турнир өткізді