«Білім экспресі» Абай елінде

Аймақтар
21.07.2025, 13:47
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен аптаның соңында Семей қаласында осы жылы алғаш рет «Білім экспресі» ішкі тренерлер жобасы бойынша кезекті басқосу өтті. Екі күнге созылған жұмыстар барысында аймақтағы жүзге жуық теміржолшы арнайы даярлықтан өтіп, сертификат алды.    

Биылғы жылғы тақырыптар күйзеліске төзімділік, кикілжіңді басқару, эмоционалдық интеллект, тиімді коммуникациялар атаулары аясында өрбіді. Семинар-тренинг түріндегі дәрістерді Астана қаласынан келген мамандар – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бизнес-серіктесі Алма Сәулебаева мен Гүлнар Катаева және Семей ЖТ бөлімшесінен жергілікті ішкі тренерлер Қазбек Смағұлов пен Бекзат Кәрімханов жүргізді. 

 

– Бұл өткізіліп отырған тренингтерге ұзақ даярландық. Теміржолшылар күнделікті қызмет барысында ғана емес, тұрмыста да түрлі оқиғаларға тап болып жатады. Ондайда ерік-жігерді басқарып, сезімді ақылға жеңдірудің маңызы аса зор. Ұлттық компанияның басты құндылығы оның қызметкерлері десек, олардың стреске төзімді, коммуникациялық қабілеттері зор болуы тиіс. Біздің көздеген мақсатымыз да осы, – дейді ішкі тренер Бекзат Нұрланұлы.

Тоқтала кетсек, тренингтер барысындағы тағы бір негізгі міндет – қызметкерлердің біліктілігін арттыру, өз бетінше білім алуын қолдау, корпоративтік мәдениет деңгейін арттыру, білім базасын жаңарту. Соның нәтижесінде компанияда пойыздар қозғалысы және еңбек қауіпсіздігін, еңбек өнімділігін, компания тиімділігін арттыру күтіледі.  

Айта кетерлігі, екі күнге созылған семинар-тренингтер мемлекеттік тілде өткізілді. Ал бағдарлама барысында тақырып аясындағы танымдық-тағылымдық мәні зор бейнероликтер көрсетілді. Қызу пікірталас та өрбіді.

Тренингтердің соңында барша қатысушыларға НЖС-6 бастығының орынбасары Дәурен Батталов пен кадр бөлімінің басшысы Данияр Баймағұлов салтанатты түрде арнайы сертификаттар табыстады.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті