Өткел кезекшісінің қырағылығы

Аймақтар
31.07.2025, 09:00
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қырағылық керек қасиет. Әсіресе теміржол саласында аса қажет. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Түлкібас жол дистанциясының өткел кезекшісі Нұрлан Оразбаев осы қырағылығының арқасында «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» медалімен марапатталған.

Оқиға өткен жылдың 28 шілдесінде күндізгі сағат 10.43-те Сұрым-Боранды аралығында болды. Жүк пойызының екінші вагоны шайқалып келе жатқанын байқаған Нұрлан Айдарұлы дереу Боранды станциясының кезекшісіне хабарлайды. Пойыз тоқтатылып, вагондарды тексеру кезінде өткел кезекшісі нұсқаған вагонның серіппесі сынып, реактивті тартқыш болттардың босап кеткені анықталады. Нұсқауға сай, вагонды ағытылып, жөндеуге жіберіледі.  

– Тура сол кезде өткелдерде пойыздардың жылдамдығына шектеу қойылған болатын. Сағатына 25 шақырым жылдамдықпен өтіп бара жатқан жүк пойызының екінші вагоны шайқалып бара жатты. Сықырлаған дыбысына қарап, вагонда ақау барын бірден байқадым. Жылдамдықты арттырса, вагон құлауы мүмкін. Станция кезекшісіне хабарлап, вагондарды тексеру қажет екенін жеткіздім, – дейді өткел кезекшісі Нұрлан Оразбаев.

№5 желілік учаскесіндегі өткел Борандыдан Таразға қарай 4 шақырым жерде Қосбөлтек елді мекенінде орналасқан. Темір жол осы ауылға кіреберіс жолды кесіп өтеді.  

Өткел кезекшісінің жұмысы таңда ауысымды қабылдап алған сәттен басталады. Кезекшілікке түскен шақтан күн мен түн тас жол мен шойын жолдағы қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты. Кей күндері шлагбаумды ашып-жабумен қатар, асыққан жүргізушілерге темір жолдың қауіпті аймақ екенін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге де тура келеді екен.

Нұрлан Оразбаев Қосбөлтек ауылында туып-өскенін айтады. Балалық шағы осы маңда өткен. Әкесі Айдар 35 жыл жол бригадирі болып еңбек етіпті.

 – 2013 жылы өткел ашылатынын естіген соң, Түлкібасқа барып, өткел кезекшісі болып жұмысқа орналасуға өтініш білдірдім. Әкем марқұмның табаны тиген, маңдайының тері сіңген жерде еңбек еткім келді. Содан алдымен бір жыл 7 ай тәжірибеден өту үшін жолшы болып жұмыс істедім. Теміржол бойында өсіп, әкеме еріп жүріп, жол жұмысын біліп өскенмен, іс жүзінде бәрі басқаша екен. Көп нәрсені үйрендім, білім-біліктілігімді арттырдым. 2015 жылы осы өткелге кезекшілікке ауыстым. Теміржол нақтылықты, үлкен жауапкершілікті қажет ететін сала ғой. Өз ісіңді біліп, жұмысты адал атқарсаң, жемісін көресің. Қауіптің алдын алғаным үшін медальмен марапатталдым, сыйақы да берілді, – дейді Нұрлан Айдарұлы.

Жалпы теміржол саласында әрбір маман қауіп-қатердің алдын алу үшін өз міндетін адал атқарумен қатар, талап пен тапсырманы орындауда тиянақты болуы тиіс. Жауапкершілік қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, көптеген материалдық шығындардан сақтайды.  

 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды