Арыста қос мереке қатар тойланды

Аймақтар
04.08.2025, 08:37
Оқуға 2 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыста теміржолшылардың кәсіби мерекесі мен қала күні қатар тойланып, жұртшылық айтулы күнді сән-салтанатпен атап өтті. Мерекеге құрметті қонақтар мен қала тұрғындары және теміржолшылар қауымы қатысты. Сөйтіп, орталық Әл-Фараби алаңы думанды кешке айналды.

Бүгінде Арыс қаласында 45 мыңға жуық тұрғын бар болса, оның 5 мыңнан астамы ел экономикасының күретамыры саналатын теміржол саласында еңбек етеді. Қалада осы саланың дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан жүздеген кәсіпорын қызмет көрсетеді. Сондықтан да бұл бағытта ғасырдан астам тарихы бар Арыс қаласы ресми түрде – Орта Азия қақпасы атанған. Ал ел аузында теміржолшылар қаласы делінеді.

Осылайша, қос мереке қатар келген шара аясында қала әкімі Қайсар Маңқараев тұрғындарға ізгі тілегін білдіріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға түрлі марапаттар табыс етті. Бұл ретте ондаған теміржолшыға құрмет-қошемет көрсетілгенін айрықша атап өткен лазым. Сол сияқты Арыс қаласының қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысып, жоғары жетістіктерге жеткен азаматтарға да алғыс хаттар табысталды. Өз ісінің үздік маманы атанған бірқатар азаматтар «Арыс қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Айта кетейік, мерекеге орай ұйымдастырылған концерттік бағдарлама аясында Түркістан облысының мәслихат депутаты Ержан Қосмамбетов мен Арыс қалалық мәслихатының төрағасы Қайрат Ахметов теміржолшыларды төл мерекесімен құттықтап, ақ тілектерін жолдады. Арыс аспанын әнге бөлеген мереке аясында елімізге танымал өнер жұлдыздары  жиналған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды