Семейде теміржолшылар күні ерекше салтанатпен аталып өтті

Аймақтар
04.08.2025, 12:44
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесіндегі кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты жиында көптеген теміржолшылар мерейге кенелді.

Іргелі жиынға күллі желі бойынан үздік сала қызметкерлері жиналған болатын.

Басқосу беташарын бөлімше басшысы Алмас Ғылымұлы мен НЖС-6 бас инженері Ерғазы Ережепов, "Қазкөліккәсіп" ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұловтар құттықтау тілекпен ашты.

Осыдан соң кезек жылдағы дәстүрге сай мерекелік марапатқа берілді.

Әуелгі кезекте бөлімшенің қос қызметкері Құрметті теміржолшы төсбелгісін салтанатты түрде өңірлеріне тақты. Атап айтсақ, Шемонаиха станциясының бағыттама қосынының кезекшісі Ольга Юрьевнамен Жаңа-Семей жол дистанциясының жол шебері Қабдолла Рымханұлы мерейге кенелді.

Ал, биылғы  "Кәсібі бойынша үздік" атағы үш теміржолшыға бұйырыпты. Атап айтсақ, Аягөз пайдалану депосының пайдалану цехы жылдамдық таспасын талдаушы Уандықбек Жадранов, Семей белгі беру және байланыс дистанциясының байланыс электромеханигі Рысалды Бектасова және бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы Гүлнара Кошкомбаевалар осынау төсбелгіні салтанатты түрде өңірлеріне тақты.

Бұл күні желі бойындағы көптеген сала қызметкерлері ұлттық компания басшылығының марапатына кенелді.

Мәселен басқарма төрағасының "Құрмет грамотасымен" Жаңа-Семей жол дистанциясының өлшеу бойынша жол шебері Нұртуған Жасаров, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығының орынбасары Айдын Бозтаев, ШЧ-29  радиобайланыс аға электромеханигі Руслан Қыдырмолдин, ЭЧ-18 бас инжнері Махмут Хайсановтар марапатталды.

Одан өзге тағы көптеген теміржолшылар Басқарма төрағасының Алғыс хатын иеленді. Ал Семей станциясы бастығының логистика бойынша орынбасары Болатбек Ешмұратов ұлттық компанияның арнайы төсбелгісімен наградталды.

Сол тәрізді "Адал еңбегі үшін" төсбелгісі Семей жол дистанциясының бас механигі Қанат Жолдобалиновқа бұйырды.

Жиын барысында сонымен қатар, көптеген теміржолшылар кәсіподақ қызметіне 120 жыл мерекелік төсбелгісін иеленді.

Мұнымен қатар, кейбір сала қызметкерлері Абай облысы әкімінің және "Аманат" партиясынының облыстық филиалының марапатымен қатар арнайы сыйлықтарын да иеленді.

Ал, осынау марапаттау рәсімінен соң барша теміржолшылар қауымы жазғы ресторанда мереке құрметіне орай жайылған дастарқан басында дәм татып, естелік фотосуреттерге түсті.

 

Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды