Студенттер теміржол әліппесімен танысты

Аймақтар
05.08.2025, 10:38
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жергілікті теміржол колледжі студенттерімен кездесулер жиі өткізілуде.

Жуырда оқу орнының «Темір жолдағы жылжымалы құрам бойынша эксплуатация, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы студенттері Семей локомотив пайдалану депосына танымдық дәріске келді. ПСЖД-322к шәкірттері депоның бір күндік қызметімен танысу өткізді.  

Студенттер бұл күні қозғалыс саласындағы теміржолшылар қызметімен жан-жақты танысты. Әсіресе локомотивтерді кезекті рейске шығарар алдындағы жасақтау, техникалық қызмет көрсету жұмыстарын қызығушылықпен тамашалады. Сол тәрізді тепловоз машинисінің арнайы нұсқаулық аясындағы қызметіне де қанықты.  

– Бөлімше бойынша біздің мекемеміз студенттермен жиі кездесулер өткізуде. Жастардың теміржол мамандықтарына қызығушылығы жоғары екені қуантады. Сұрақтары да салмақты. Білуге, темір жолдағы қызмет барысын сезінуге құштарлықтары да аса жоғары, – дейді өндірістік нұсқаушы, ТЧЭ-24 кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Дүйсенбаев.  

Сонымен қатар бұл күнгі оқу-танысу іс-тәжірибесі барысында студенттер қауымына теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселелері де кеңінен түсіндірілді. Олар еңбек қорғау кабинетінде өткен арнайы дәріске қатысты.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті