Атырауда теміржол саласына арналған жаңа зауыттың құрылысы басталды

Аймақтар
07.08.2025, 11:29
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау вагон құрылысы зауыты аумағында мемлекеттік маңызы бар тағы бір өндірістік жобаны жүзеге асыруға қадам жасалды. Атырау қаласындағы оңтүстік өндірістік аймақта индустриялық кластерді дамыту бағытындағы жаңа стратегиялық нысан Texol Steel Technology болашақ құйма зауытының іргесіне капсула салу рәсімі өтті.    

Бұған дейін хабрлағанымыздай, биыл көктемде «Техоl Steel Technology» ЖШС мен қытайлық «Hubei Provincial Mechanical and Electrical Institute GROUP Co LTD» арасында теміржол вагондарына арналған болат құйма бөлшектер өндіретін зауыт салу жөнінде келісімшартқа қол қойылған болатын. Соған сәйкес жаңа зауыттың іргетасы қаланып отыр. Облыс әкімі мен «Тексол Транс» ЖШС басшылығы, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің өкілі, ауыр машина жасау басқармасының басшылары, жергілікті теміржолшылар, кәсіпкерлер мен құрылысшылар қатысқан рәсімде болашақ ұрпаққа арналған уақыт капсуласы облыс әкімі мен компания басшысы қол қойған жолдаумен бірге іргетасқа салынды.

Жоба Атырау қаласында ірі индустриялық кластер қалыптастыру шеңберінде жүзеге асырылуда. Бұл кластердің орталығы – Атырау вагон жасау зауыты. Жаңа құю зауыты теміржол вагондарына арналған болат құйма бөлшектер шығарады. Жоба бұған дейін шетелден жеткізілген компоненттер өндірісін ел ішінде игеруді көздейді. Негізгі шикізат – металл сынықтары мен ферроқорытпалар қазақстандық жеткізушілерден алынатын болады. Негізгі өнім түрлеріне тірек, тірек табақ, тартқыш, қысқыш, букса корпусы және басқа да компоненттер кіреді. Аталған алаңда өнім шығарудың басталуы Атырау вагон зауытына вагон жасауға қажетті қосалқы бөлшектерді отандық деңгейде өндіруге мүмкіндік береді. Негізгі шикізат – металл сынығы мен феррақоспалар Қазақстан аймақтарынан жеткізілетін болады. Кәсіпорын жылына 60 мың тоннаға дейін құйма бөлшек өндіреді деп жоспарланған, ал зауытты іске қосу 2027 жылға белгіленген.  

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өз сөзінде құю зауытының құрылысын бастау – өңірдің индустриялық кластерін дамытудағы маңызды қадам екенін айтты. «Бұл зауыт вагон бөлшектерінің 96 пайызын отандық өндірісте игеруге мүмкіндік береді, 500-ден астам жұмыс орны ашылады және өңдеуші өнеркәсіптің дамуына үлес қосады. Бұл – Мемлекет басшысы қойған міндеттердің нақты жүзеге асуының көрінісі», – деді ол.

Сондай-ақ шара барысында Теміржол қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Тексол Транс» ЖШС директоры Борис Зиганшинге «Құрметті теміржолшы» атағы беріліп, төсбелгісі табыс етілді.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды