«Абай quiz» зияткерлік ойынында теміржолшылар жүлде алды

Аймақтар
08.08.2025, 09:47
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық іс-шаралар легі жалғасуда. Республикамыздың ғана емес, әлемнің әр елінен келген қонақтар жиналған осынау айтулы шараға жергілікті теміржолшылар қауымы да атсалысуда.

Семей ЖТ бөлімшесінің қыз-жігіттері алты алашқа сауын айтқан осынау үлкен шараға алдын ала зор дайындықпен келген болатын. Теміржолшылар қатысқан алғашқы бәсеке ұтқыр да тапқыр жастардан құралған куиз командасы болды. Шараның мақсаты – жастардың ұлт руханиятына деген қызығушылығын арттыру, Абай мұрасын заманауи форматта насихаттау және қазақ тіліндегі зияткерлік ойындарды кеңінен дамыту болатын.  

«Абай QUIZ» республикалық зияткерлік ойынына еліміздің 10 өңірінен келген 180 команда, 1080 зияткер азамат қатысты. Зияткерлік сайыс жеті кезеңнен тұрды. Әр кезеңде Абай мұрасы мен әртүрлі салаларға байланысты тақырыптар қамтылды. Ойын барысында қатысушылар ой ұшқырлығы мен білім деңгейін сарапқа салды. Сайыстың жалпы жүлде қоры 4,7 миллион теңгені құрады.  

Бәсі жоғары осынау сайысқа қатысып бақ сынаған семейлік теміржолшылар командасы өз мамандықтарына сай тақырыпқа тез жауап тауып, жылдам да шалт қимылдарымен көзге түсті. Семей теміржол вокзалының қызметкері, команда капитаны Меруерт Әуелғазина бастаған топ 180 команда арасында барынша үздік өнер көрсетті. Нәтижесінде «Ең креативті команда» аталымын жеңіп алып, ақшалай жүлдені қанжығаға байлады. Бас жүлде бір миллион теңге Астанадан келген азулы команданың еншісінде кетті.  

Айта кетер ерекшелігі сол, бұл көрсеткіш республикалық деңгейдегі ұлттық рекорд ретінде Қазақстан рекордтар кітабына ұсынылды.  

– Жастарымыз жақсы өнер көрсетті. Техникалық саланың мамандары едік деп өздеріне шектеу қойып тұрған жоқ. Әдеби, рухани тұрғыдағы логикалық сауалдарға тез әрі дәл жауап беруге тырысты. Айтпақшы, команда мүшелерінің қатарында әр кез республикалық, облыстық деңгейдегі қазақша куиз ойындарына қатысып, жүлделі оралып жүрген теміржолшылар бар, – дейді НЖС-6 кадр бөлімінің басшысы, Абай тойына қатысты іс-шараларды ұйымдастырушы Данияр Баймағұлов.  

Теміржолшылар қатысып жатқан іс-шаралар көрігі енді қызуда. Мәселен, НЖС-6 техникалық бөлімінің бастығы, ұлттық компания желаяғы Нұрлан Бегадилов бастаған әуесқой жеңіл атлеттер «Аbai joly ultra trail» жарысына қызу даярлық үстінде. Бұл сайысқа қатысушылар ақынның 180 жылдығына орай Семей мен Жидебай арасындағы 180 шақырымды небары 24 сағат ішінде жүгіріп өтуі тиіс.  

Рух, тарих және табиғат тоғысатын осынау ерекше сайыста теміржолшылар қауымына жеңіс тілейміз.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті