Жаздың әр күні тиімді

Аймақтар
11.08.2025, 11:45
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау облысында жолды күрделі жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда жоспарлы жұмыстың жартысынан көбі, 70 пайызға жуығы орындалды деуге болады.

Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Аралбай Қосымбаевтың айтуынша, биылғы жылы өңірде 66,7 шақырым жолды күрделі жөндеу жоспарланған. Соның ішінде Атырау жол дистанциясына берілген күрделі жөндеу жоспары 40,5 шақырым, Құлсары жол дистанциясы бойынша 26,321 шақырым. Соған сәйкес қазіргі таңда ол жұмыстардың 41,1 шақырымы жүргізілді, яғни жартысынан көбі аяқталды.  

Бүгінде қызу жұмыс Атырау жол дистанциясы бойынша Ганюшкино-рзд.4, рзд5, рзд.265-рзд.279 шақырымдарда, Құлсары жол дистанциясы бойынша рзд.465-Майкөмген-рзд.467-468 аралығында 6 сағаттық «толаскез» алынып, Ганюшкино-Атырау, Құлсары-Бейнеу учаскелерінде жүріп жатыр.  

Бөлімше бойынша қазіргі уақытта күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары да қатар атқарылып жатыр: 8,119 шақырымды, темірбетонды бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру 31 жиынтықты, түйіспесіз рельс ауыстыру 10 шақырымды құрап отыр. Биыл 8 шақырым жолда ескі Р-50 рельстерін жаңа Р-65-ке ауыстыру көзделіп, қазіргі уақытта Құлсары станциясы, рзд-Қоркөл-461-463-464 бекеттерінде оның басым бөлігі орындалған.  

Сонымен қатар ағымдағы жылы Құлсары станциясында 10 жиынтық темірбетон бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру жұмыстары да жүргізіліп және ескі бұрмаларды жаңа Р-65-ке ауыстыру бойынша 5 жиынтық ауыстырылған. Станция жолдары мен бағыттамалы бұрмалардың жағдайын жақсарту және нығайту бойынша 21,85 шақырым жұмыс жасалды.  

Елді мекендер маңы, қозғалысы жиі учаскелер мал өтпейтін шарбақтармен қоршалғанына қарамастан, теміржол бойында малдың жүруі жиі кездесетін құбылыс. Ал ол өз кезегінде пойыздардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Өңірде биылға барлығы 115,4 шақырым қоршау салу керек болса, бүгінде оның 32,9 шақырымы орындалған. Соның ішінде Майкөмген станциясы, рзд-Сарға, рзд-461-467 арлығында 20 шақырым көлемінде қоршау салынып жатыр. Жолшылар жаздың әр күнін тиімді пайдалануға тырысып бағуда.  

 

Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды