Цифрлық трансформацияға жол ашқан майталман маман

Аймақтар
18.08.2025, 10:14
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Лаура Әлібекова бүгінгі Семей теміржолында елеулі еңбегі бар біліктілігі жоғары маман. Бөлімшедегі АСУ бөлімінің бастығы қызметтік саланы автоматтандыру ісінде айтулы үлес қосып, жұмыс процесін оңтайландыру жолында елеулі табыстарға жете білді.

Лаура Рақпайқызы өндіріске енгізген бағдарламалық өнімдер мен тың технологиялық шешімдер бөлімше көрсеткіштерінің артып, тіпті, компанияның табысымен тұрақтылығына да кепіл болды.

Десекте, уақытқа жетер жүйрік жоқ, ұжымына ерекше қадірлі майталман маман, білікті басшы бүгіне зейнет жасына да аяқ басты.  

Осынау орайда, жуырда Лаура Рақпайқызын zoom платформасында өткізілген кезекті онлайн жиында байтақ республиканың әр түкпіріндегі, яғни, өзге бөлімшелердегі АСУ бөлімдері басшылары мен бөлімше басшыларының АСУ бойынша орынбасарлары салтанатты түрде құттықтады. Дәл осынау сәтте ыстық ілтипаттың белгісіндей арнайы гүл шоғы да табыс етілді. Мұндай күтпеген жайт туған күн иесі үшін ерекше құттықтау, тосын сый болды.

Лаура Әлібекова 1986 жылы Алматыдағы теміржол институтын тамамдаған соң бірден Семей теміржолына жұмысқа орналасып, содан бері міне, табаны күректей 39 жыл бойы үзіліссіз еңбек етіпті.  

Ал бөлім бастығы қызметінде жүріп Семей ЖТ бөлімшесі бойынша цифрландыру, жаңа ақпараттық технологиялар игілігіне сүйену ісінде бірқатар жаңа жобалардың сәтімен жүзеге асуына мұрындық болды. Кейбір бағдарламаларды, құжаттандыруды күн талабына орай сандық форматқа ауыстырып, өндірісті, техникалық процесс барысын толықтай автоматтандыру ісіне жетекшілік етті. Осылайша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Цифрлық трансформация» бағдарламасының Семей теміржолында нәтижелі түрде іске асуына айтулы үлес қосты.  

Еселі еңбегі үшін түрлі марапаттарға ұсынылды. "Адал еңбегі үшін" төсбелгісін бір емес, бірнеше мәрте өңіріне тақты.

Жетістікті еңбек әлбетте ұжым мүшелерінің көз алдында. Осынау орайда Лаура Әлібекқызы қандай құрметке болмасын лайық жан. Бөлімше басшылығы, филиал бастығының АСУ бойынша орынбасары Ерғазы Жұмаділов бастаған барша әріптестері ардақты жанның туған күніне орай салтанат гүлін де табыс етті.  

Қазіргі таңда құрмет иесіне "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС басшылығынан құттықтау адресаттары келіп жатыр.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті