800 метрге дейінгі түйіспесіз рельс плеттерін дайындайтын кәсіпорын

Аймақтар
21.08.2025, 09:03
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Аптаның соңы, сағат тілі кешкі 18.00-ге жақындап қалғанына қарамастан, біз барғанда Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнында жұмыс толастамаған. Кәсіпорын директоры Бахтияр Түлеков цех басшыларымен бірге жұмыс жоспарын талқылап жатыр екен.

Бахтияр Жұмабекұлының айтуынша, кәсіпорын жылдық жоспарға сәйкес, биыл 229 шақырым, 7 айда 149 шақырымдық рельсті дәнекерлеп, қайта өңдеп шығаруы тиіс. Өткен 7 айдың ішінде мамандар міндеттемені асырып орындап, 187 шақырымға жететін өнімді құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан темір жол учаскелеріне жеткізіп берген.  

Жалпы 18,0796 гектар аумақты алып жатқан Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны 1988 жылдан бері 25 метрлік ескі рельстерді егеп, кесіп, қайта өңдеп, жаңасынан ұзындығы 800 метрге дейінгі ұзын өлшемді түйіспесіз плеттерді дәнекерлеп дайындап келеді. Оны жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан темір жол учаскесіне дейін жеткізіп беретін арнайы жылжымалы құрам да жасақталған.  

– Республика бойынша жылына 600-ден 1100 шақырымға дейінгі жолдарға күрделі және күшейтілген жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біздің кәсіпорын бүгінге дейін Семей, Алматы, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда бөлімшелерін рельспен қамтамасыз етіп келді. Енді тағы екеуін – Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарын қосты.

Біз құрылыс жұмыстары жүріп жатқан темір жол учаскелеріне 800 метрлік рельс плетін дәнекерлеп, жеткізіп береміз. ПРСМ маркалы 6 жылжымалы дәнекерлеуші машинамыз бар, олар екі сегіз жүздікті бір-біріне жалғап, 1600 метрліктерін тағы қосып, дәнекерлеп кете береді. Бір учаскеден екіншісіне дейін жететін түйіспесіз плеттер осылай жасалады. Сондай-ақ жарылған, ақаулы ұзын өлшемді плеттерді осы машина кесіп өтпей қалпына келтіріп береді, - дейді кәсіпорын директоры Бахтияр Түлеков.

ҚазАТК-ны жол және жол шаруашылығы мамандығы бойынша бітіріп келген күннен бастап, ПЧ – 61 Луговой жол дистанциясында жол монтері болып еңбек жолын бастаған Бахтияр Жұмабекұлы 2017 жылдан бері рельс дәнекерлеу кәсіпорнын басқарып келеді. Директордың айтуынша, 37 жылдың ішінде шойын жолдың арғы және бергі бетіндегі ауылдардың тұрғындарын жұмыспен қамтып келе жатқан өндіріс орны – құландықтар үшін тұрақты табыс көзіне айналған. Оған 286 жұмысшының 186-сы 10, 20, 30 жыл үздіксіз еңбек еткені үшін арнайы төсбелгілерімен марапатталып, бірреттік ынталандыру сыйақысын алғаны – айқын дәлел.

Кәсіпорын мамандарының 50 пайыздан астамы бір жерде табан аудармай, тұрақты жұмыс істеуіне, әрине, темір жол саласында жұмысшылар құқығының әлеуметтік тұрғыда қорғалуы әсер ететіні сөзсіз. Теміржолшыларды тегін медициналық тексерулерден өткізу, тісін емдету, дәрі-дәрмектер алып, ем-шараларын алуы, тіпті шипажайға жолдама беру жолдары қарастырылған. Оған қоса мектеп жасындағы балаларын да кезекпен жазғы демалысқа лагерьге ақысыз жібереді.

– Кәсіпорында дәнекерлеуші, ПРСМ, РВС – рельс тасымалдау құрылымы, балқыту колоннасы, машиналарды және механикаларды жөндеу, жалпы 5 цех жұмыс істейді. 286 қызметкердің 87-сі КСМ-де, 84-і вахталық жұмысқа жіберіледі, 84 егеуші, кесуші, дәнекерлеуші, машинистер ауысыммен еңбек етеді. Қазір 100-ден астам адам вахтада жүр. Жұмысшылардың орташа жалақысы 410 мың теңгені құрайды. Биыл республика бойынша теміржол саласында үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерге 10, 20, 30 жылдан асқандар арнайы төсбелгімен марапатталып, бірреттік ынталандыру сыйақысын алды.

Әр үш жыл сайын барлық жұмысшы біліктілікті арттыру курстарына жіберіліп отырады. Биыл 50-60 адам оқуға барады. Келесі жылы 80-90 маманды қамтуды жоспарлап отырмыз, – деп түсіндірді Бахтияр Түлеков.

Темір жол саласы – еңбегі ауыр болғанына қарамастан, тұрақтылықтың негізі екенін Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнына келгенде тағы бір мәрте көзім жетті. Құрылғанына 37 жыл толған өндіріс орнында ашылған күннен бастап жұмыс істеп, зейнетке шыққандар бар екен.  

Дәнекерлеуші цехында егеуші ретінде еңбек етіп келе жатқанына 31 жылдан асқан Оңдасын Алпанов жақында зейнеттік демалысқа шығатынын айтты. Темір жол саласындағы еңбек жолын Луговой жол дистанциясында жолшы, жол монтері болып бастаған маман «табан аудармай, табандылық танытқанымның жемісін көрдім, 30 жыл еңбек еткені үшін төсбелгісімен марапатталдым», – деп қуанды. Рельс егеушісі тұрақты жұмыс пен табыс осында дей жүріп, ұлының да осы салаға келуіне ықпал етіпті. Қазір баласы – кәсіпорынның темір ұстасы.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті