Семей теміржол вокзалы жаңғыртылуда

Аймақтар
22.08.2025, 08:21
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Семей ЖТ бөлімшесі бойынша «ҚТЖ» ұлттық компаниясы есебінен 10 теміржол вокзалы қайта жаңғыртылады. Соның ішінде әсіресе ең күрделі торап Семей теміржол вокзалына баса мән берілуде.

Қазіргі таңда мұнда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес күрделі жөндеу жұмыстары мейлінше қарқынды түрде атқарылуда.  

Бүгінде ауқымды түрде күрделі жөндеу жүріп жатқан вокзалда демонтаж жұмыстары толыққанды аяқталуға таяу. Құрылыс белгіленген мерзімінен кешікпей мейлінше қарқынды жүргізілуде. Әйтсе де, бұлай тоқмейілсуге болмайды. Жоба бойынша жаңғырту жұмыстары ағымдағы жылдың соңғы тоқсанында толық аяқталуы тиіс. Бұл ретте бас мердігер «DK Proekt» ЖШС мен техникалық қадағалаушы «Engineering Service» ЖШС бар мүмкіндікті пайдалануда.  

Қазір билет кассасы, жолаушылардың күту орны, медпункт, желілік полиция бекеті уақытша далада, вокзал іргесіне орналастырылған. Бұлайша тек алғашқы қар жауып, қазан айының қара суығы түскенше ғана амалдауға болады. Яғни қолайсыздық ұзаққа созылмауы тиіс.  

Жобаға сәйкес нысанның сырты заманауи еуро панельдермен қапталып, аумағы кеңейтіледі. Вокзал жанынан жолаушылар мен қарсы алушылардың екінші, үшінші жолдарға жеңіл өтуі үшін эскалатор, мүгедектігі бар адамдарға арналған лифт, шағын буфеттері бар қосымша ғимарат та салынады. Сонымен қатар жүргіншілерге арналған 260 метрлік теміржол үсті көпірі де жаңартылады.  

Мұнымен қатар, жаңғырту жұмыстарына вокзал ғимараты ғана емес, оның алдындағы аумақты қайта қалпына келтіру және жаңарту, инженерлік жүйелерді ауыстыру да кіреді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін вокзалдың өткізу қабілеті артып, заманауи күту залдары, жоғары жылдамдықтағы интернет, ақпараттық жүйелер және қосымша қызмет түрлері де пайда болмақ.  

Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан барлық құрылыс жұмыстары тапсырыс беруші «ҚТЖ» ҰК» АҚ Вокзал шаруашылығын жаңғырту дирекциясының, Семей ЖТ бөлімшесі басшылығының және жергілікті атқарушы биліктің назарында тұр.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті