Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға мектеп құралдары табысталды

Аймақтар
27.08.2025, 16:50
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қызылорда ЖТ бөлімшесі бойынша теміржолшылар «Мектепке жол» атты республикалық акция аясында әлеуметтік маңызы бар игі іске үлес қосты.

Іс-шара шеңберінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы, халықаралық оқушылар арасында өткізілетін жарыстардың үздіктері, толық емес отбасы мүшелері, қолдауды қажет ететін әлеуметтік санаттағы теміржолшылар отбасыларының балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер үлестірілді.

Жыл сайын өтетін дәстүрлі бұл қайырымдылық шарасы аясында бөлімшенің шалғайдағы 4 және 5-кластық станцияларында еңбек ететін теміржолшылардың балалары назарға алынды. Мәселен, 10 балаға мектепке арналған сөмкелер тапсырылса, жалпы «Aманат» партиясы мен кәсіподақ ұйымының атынан 20 мектеп сөмкесі таратылды. Барлық сөмкелер оқу құралдарымен толықтай жабдықталған.

«Бұл шараның мақсаты – балалардың мектепке толыққанды дайын болуына жағдай жасау, білімге деген ынтасын арттыру, сондай-ақ теміржолшылар қауымына моральдық әрі материалдық қолдау көрсету», – дейді Қызылорда бөлімшесі кадр бөлімінің басшысы Орынкүл Нұрмашқызы.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда