«Қазкөліккәсіп» төрағасы Сыр теміржолшыларын марапаттады

Аймақтар
29.08.2025, 09:59
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар – ел экономикасының тамырына қан жүгіртіп, пойыз қозғалысының қауіпсіздігі мен үзіліссіз қызметін қамтамасыз ететін маңызды мамандық иелері. Осындай еңбек майданының алдыңғы шебінде жүрген Сыр өңірі теміржолшыларына арнайы келген «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаевтың Қызылорда станциясына жасаған жұмыс сапары кәсіподақтың 120 жылдығы аясында айрықша мәнге ие болды. Төрағаның Сыр бойындағы серпінді сапары аймақ теміржолшыларына үлкен қолдау болды.

Сапар теміржол қозғалысын басқарудың күретамыры саналатын Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының ЭО постынан, Қызылорда станциясының кезекшілерімен басталды. Мұнда төраға Күлайша Жүгінісоваға мерекелік төсбелгі табыстап, еңбекке адалдықтың үлгісі ретінде алғыс білдірді. Бұл сапар – ардагерлерге құрмет, еңбек озаттарына алғыс айту алаңына айналды. Сонымен қатар төраға кәсіподақтың 120 жылдық мерейтой медалімен инженер Ғалия Көпжасарованы, электрмен жабдықтау дистанциясының қызметкері Болат Нұрмұратов және бірқатар жол жөндеушілерді марапаттады.  

Қала қақпасы саналатын вокзал жолаушылардың сұранысынан шығып отыр. Қазіргі таңда жаңарып жетілдірілген. Қайта жаңғыртудан өткен Қызылорда теміржол вокзалы да төрағаның назарынан тыс қалмады. Вокзал бастығы Жарас Қойшығұлов төрағаға ұжымның тыныс-тіршілігін таныстырып, жолаушыларға көрсетіліп жатқан қызмет сапасын баяндады. Үздіксіз пойыз қозғалысын қамтамасыз ететін кезекшілердің жұмыс орнына да арнайы бас сұғып, олармен ашық диалог орнатты.  

Жүктердің шашау шықпай жеткізілуін, стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін сақтауда темірдей тәртіпке жүгінетін Әскерилендірілген теміржол күзеті қызметі де жұмыс сапарында қамтылды. Қызметкерлермен болған кездесуде қауіпсіздік бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, темірдей тәртіпті талап ететін бұл қызметтің маңыздылығы атап өтілді.

Тарихи орындардың бірінен саналатын Қызылорда локомотив пайдалану депосы сапардың тағы бір маңызды нүктесі болды. Депо бастығы Нұртай Байғазы төрағаны тарихи мұражаймен таныстырып, өндірістік процестегі жетістіктер жайлы баяндады. Мұнда төраға өз қолтаңбасын қалдырып, кәсіподақтың ел өміріндегі тарихи маңызын атап өтті.  

Теміржолшылар ұрпағына кәсіподақ қамқорлығы әрдайым тұрақты жасалып келеді, жасала да береді. Магистральдық желі бөлімшесінің мәжіліс залында өткен кезекті кездесуде теміржолшы балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар толтырылған сөмкелер табысталды. Төрағаның қолынан сый алған балалар қуанышқа бөленді. Әннен шашу шашып, ақ батасын алды. Кездесу жылы жүздесулер мен естелік суреттерге толы болды.  

Келесі іссапар Белкөл станциясында жалғасты. Мұнда бөлімше директоры Батырхан Базарбаевпен, станция басшылығымен және жол жөндеушілермен жүздесіп, инфрақұрылымдағы өзгерістер, станцияның даму әлеуетін сөз қылды. Теміржол желісінің жаңғыруы мен пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне байланысты нақты, мағыналы пікір мен ұсыныстар тыңдалды.  

– Алдағы қыркүйек айының 10 күні өтетін кәсіподақтың ХІ съезі қарсаңында өңірлерге сапарлап, әрбір теміржолшының жағдайын көзбен көріп, ұсыныс-пікірін тыңдау – басты мақсатымыз. Теміржолшыға темірдей қолдау жасау – біздің негізгі жұмысымыз. Қызылорда – кәсіподақтың қарашаңырағы. Мұнда әр теміржолшы кәсібіне адал, тәртіпке берік, – деген Оразғали Төлепбекұлы сапар мақсатын айқындап берді.  

Ал «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, өз кезегінде сыр теміржолшыларының темірдей тәртіптің үлгісін көрсетіп келе жатқанын, ал кәсіподақтың басты міндеті еңбек адамдарын қолдау екенін атап өтті.  

«Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы дәстүр бойынша Қызылорда жол дистанциясының ауласына көшет отырғызды. Жалпы төрағаның бұл сапары бір күнмен шектелсе де, сала еңбеккерлеріне терең із қалдырды. Темір жолдың әр рельсінде, әр бекетінде еңбек етіп жүрген жандардың қажырлы еңбегі мен кәсіподақтың қолдауының арасындағы алтын көпірдің берік екенін осы кездесулер дәлелдеді.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты