Жидебай жеріне саяхат

Аймақтар
02.09.2025, 13:55
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде Абай хакімнің 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар легі әлі де жалғасуда. Жуырда «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының бастамасымен, НЖС-6 бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Жидебай жеріне саяхат» атты ерекше шара өтті.  

Бұл күні ұлы ақынның ұзақ уақыт тұрағы болған қастерлі өлке Жидебай өлкесіне арнайы келген, әр мекемеден жиналған теміржолшылар қауымы кесенедегі амфитеатрда Абай әндері мен өлеңдерін мәнерлеп оқудан өзара сайысқа түсті.

Байқаудың беташар рәсімінде арнайы құрылған қазылар алқасының мүшесі, Семей ЖТ бөлімшесіндегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қырықбай Әлсейітов сөз алып, барша қатысушыларды құттықтады. Сонымен қатар хакім мұрасын насихаттауда осындай іс-шаралардың көптеп өткізіліп жатқанына қуаныш білдірді.

Ал өз кезегінде сөз алған Астана төрінен арнайы сапармен келген Магистральдық желі дирекциясының Адами ресурстарды басқару департаменті директоры Айсұлу Елеукен Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай жылы лебіз білдіріп, бұл іс-шара ұлт руханиятын ұлықтап, хакім Абайдың мұрасын дәріптеудегі аса маңызды қадам екенін атап өтті.  

НЖС-6 басшысының орынбасары Дәурен Батталов болса, мұндай берері мол іс-шаралардың алдағы уақыттарда да жалғасын таба беретінін жеткізді.

Байқау теміржолшылардың өз күшімен әзірлеген театрландырылған көрініспен ашылды. Ұлжан мен Әйгерім, Абай мен Көкбай ақынды ШЧ-29, ПЧ-40 және вокзал шаруашылығының қыз-жігіттері сомдады. Қойылымның сценарийін де өздері жазғандықтан дана Абайдың ой-толғамын бүгінгі күнмен шебер сабақтастырып, көпшілік алдында ұлт, тіл, жастар тәрбиесі мәселелерін өзек ете білді. Бұл ретте басты рөлдегі Абай бейнесін ұлы ақынға сырт келбеті ерекше ұқсас Жаңа-Семей станциясының СОБ электромеханигі Ұлан Ахметжанов шеберлікпен сомдады.

Байқау негізінен екі бөлімнен тұрды. Әуелгі кезекте бөлімшедегі өнерпаз қыз-жігіттер Абай әндерін әуелетіп, өзара сынға түсті. Ал екінші кезекте хакімнің қарасөздері мен тағылымдық өлеңдерін нақышын келтіре, мәнерлеп оқыды. Бұл ретте бөлімшенің «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы, кәсіподақ белсендісі Наталья Мешкова Абайдың аударма өлеңдері мен Лермонтов жазған түпнұсқасын қоса оқып, көрерменнің көзайымына айналды.    

Сонымен қатар, бөлімшенің ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығының бастығы Баршагүл Омарова бастаған техникалық кітапхана қызметкерлері Абай әлемі бойынша әр жылдарда жарық көрген әдебиеттерден арнайы көрме әзірледі. Астаналық меймандарды әсіресе, ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы жайлы тарихи фотосуреттерге толы жинақ ерекше қызықтырды.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлде алған теміржолшылар қауымына бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар осынау шараны өткізуге ұйытқы болған барша теміржолшылар мен кәсіподақ белсенділері «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры С.Рахметовтің Алғыс хаттарымен марапатталды. Ал байқаудың қорытынды сәтінде қатысушылар Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен шырқады. Бұдан кейін теміржолшылар ақынның мұражай-үйінде болып, Абай хакімнің алақанының табы қалған көне жәдігерлермен де танысты. Естелік фотосуреттерге де түсті.

 

 

 

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті