Рельс дәнекерлеу цехында өткен бір күн

Аймақтар
04.09.2025, 11:13
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалына қарасты Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны өткен жеті айда жаңадан салынып жатқан Алматы айналма жолының «Жетіген-Қорғас» учаскесіне 35 шақырым рельс тасымалдаған.  

Жоспар бойынша аталған учаскенің 46 шақырымына рельс жеткізіп беруі керек. Кәсіпорын бұдан бөлек «Мойынты-Саяқ» учаскесіндегі салынған екінші жолдың құрылысын қажетті рельспен қамтамасыз еткен. Жалпы, Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының биылғы жылдық жоспары 229 шақырымды құрайды. Өткен 7 айда 187 шақырымға жететін рельс дәнекерленген.

Кәсіпорын директоры Бахтияр Түлековтің айтуынша, «Мойынты-Саяқ» учаскесінде бір жолақты жол ғана болған. Қазір екінші жолдардың құрылысы аяқталыпты. Салынып жатқан жаңа жолдардан басқа, Семей, Алматы, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда бөлімшелерімен қатар, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерді рельспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорынның рельс дәнекерлеу цехына қай уақытта барсаңыз да жұмыс тоқтаусыз жүріп жатады. Біреуі рельс ұштарын балқытып жатса, екіншісі рельстерді егейді, үшіншісі дәнекерлейді. Ары қарай егеліп, дәнекерленген рельстер топтастырылып, жылжымалы құрамға тиеледі.

Рельс дәнекерлеу цехында өткізген бір күнде біз әр жұмысшының еңбегімен танысып, барлық процеске куә болдық. Жақында ғана теміршолшылардың кәсіби мерекесіне орай «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталған цех бастығы Қали Асилов қызу жұмыс жүріп жатқан аймаққа бастап барды.  

Зауытта өндірілген жаңа және өңделетін ескі рельстер цехтың оңтүстік-шығыс аймағына түсіріледі екен. Осы жерде сұрыпталған рельстер әрі қарай егеуге жіберіледі. Егеліп, екі ұшы балқытылғандары дәнекерлеушінің алдына барады. Цехтағы жұмысты тізбекті реакция деуге болатындай. Топтастыру алаңынан алдына келген рельсті егеуге кіріскен Оңдасын Алпанов жастарға білгенін үйретіп бағуда. Биыл зейнетке шығатын егеушінің 31 жылдық тәжірибесі бөлісуге тұрарлықтай. Мына жақта егеліп-балқытылған рельсті күтіп дәнекерлеушілер тұр.

Кәсіпорындағы еңбек жолын слесарь болып бастаған Ильдар Хабибуллин 12 жылдан бері рельс дәнекерлеп келеді екен. Бір жерде табан аудармай ұзақ жыл жұмыс істеген ол биыл 20 жылдан астам уақыт үздіксіз еңбегі үшін бір реттік ынталандыру сыйақысын алып, арнайы белгімен марапатталыпты.  

– Отбасымда менен басқа теміржолшы жоқ. Өзім осы кәсіпорында 22 жылдан бері еңбек етіп келемін. Табысы тұрақты, жұмысы тоқтаусыз болған соң басқа салаға ауысуды ойлаған емеспін. Зейнетке осы жерден шықсам деп ойлаймын. Кәсібім өзіме ұнайды. Ұжымымыз да жақсы, – дейді Ильдар Хабибуллин.

Ал цех шебері Жәнібек Акилов бұл салаға әке жолын жалғастыру үшін келіпті. «Бастапқыда топтаушы ретінде жұмысқа қабылдандым. Үш жылдан кейін ауыстым, міне жиырма жылдан бері цех шеберімін. Әкем Кеңесбек Луговой жол дистанциясында – жолшы, анам Сағымкүл Мұсаева жол жөндеуші болып 30 жылдан еңбек етті. Теміржолда жұмыс істеп жүріп, зейнетке шықты», – деп Жәнібек теміржолшылар әулетінен екенін мақтанышпен жеткізді.  

Жалпы кәсіпорындағы еңбек процесі – екі ауысымды. Рельс дайындау – шаң-тозаңы көп жұмыс. Сол үшін барлық еңбеккерлерге сүт беріледі екен. 

«Жұмысшыларға қолайлы жағдай жасау үшін рельс топтастыру алаңының жанына жабық қосын салдық. Шағын ғана бір бөлмеде бір мезгіл демалып, шай ішіп, тамақтанып алуға болады. Тоңазытқыш, қысқатолқынды пеш, шәйнек секілді керек-жарақтың бәрі бар. Рельс дәнекерлеу цехындағы жұмысшылардың басым көпшілігі кәсіпорында 10, 20, 30 жылдан бері еңбек етіп келе жатқандар. 50 пайызы үздіксіз ұзақ жылғы еңбегі үшін бір реттік сыйақы алды. Былтыр цехта 87 шақырымға жететін 800 метрлік рельс бунақтарын дайындадық. Биыл да жоспарды асырып орындауды көздеп отырмыз», – деп түйіндеді әңгімемізді цех бастығы Қали Асилов.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды