Мемлекеттік марапат табысталды

Аймақтар
05.09.2025, 09:20
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан Республикасы Конституциясының мерейлі 30 жылдығына орай Атырау өңірінде бірқатар еңбеккерлер мемлекеттік наградамен марапатталды.

Солардың ішінде қос теміржолшы да жоғары мемлекеттік наградаға ие болып, кеуделеріне орден мен медаль тақты. Облыстық әкімдікте өткен салтанатты жиында Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясының аға электромеханигі Бекқали Бимырзаұлы Қайнарбаев «Құрмет» орденімен марапатталды.  

Ол еңбек жолын өткен ғасырдың 80-ші жылдарында Жантерек станциясында жолшы болып бастаған еді. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң Ақжайық сигнализация және байланыс дистанциясының Мақат – Сағыз учаскесіне электромеханик болып жұмысқа тұрады. Осы мамандық бойынша Ақтөбе теміржол колледжін бітірумен қатар Свердловск жол-техникалық мектебінде оқиды. Бекқали 1986 жылдан бастап осы уақытқа дейін ШЧ-8-ге қарасты Жантерек – Мұқыр – Сағыз станциялары аралығындағы учаскеде аға электромеханик қызметін атқарып келеді.  

Ал Саламат Кекілбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ол да еңбек жолын Мақат станциясында жол жөндеуші болып бастаған. Әскер қатарынан келген соң локомотив депосында жөндеуші слесарь, машинист көмекшісі, машинист, содан соң технолог, инженер болып еңбек етеді.  

Ал 2006 жылдан бастап күні бүгінге дейін Мақат қалпына келтіру пойызының бастығы қызметін атқарып жүр. М.Тынышбаев атындағы теміржол академиясын локомотив шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген. Екі азаматтың да 40 жылдан астам еңбек өтілі бар, өлке темір жолының дамуына қосып келе жатқан үлестері де мол. Бірі байланыс саласындағы жаңашылдықтарды меңгеріп, оны өндіріске енгізсе, екіншісі апатты жағдайда шұғыл әрекет етіп, қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына еңбек сіңіріп келеді.  

Қос теміржолшыға мемлекеттік награданы облыс әкімі С.Шапкенов табыс етіп, зор денсаулық, отбасына амандық, еңбекте мол табыс тіледі.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты