Абай өлеңдерін оқыды

Аймақтар
11.09.2025, 10:58
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз көліктегі оқу орталығы кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлжан Ақназарованың ұйымдастыруымен Абай өлеңдерінің апталығы өтті.

Хакім Абайдың 180 жылдығына арналған әдеби-сазды көпшілік іс-шараны өткізуге орталық оқытушыларымен бірге тыңдаушылары да атсалысты.

Апталық аясында Тараз вокзалында ұлттық киім киген тыңдаушылар жолаушыларға жапсырмасына Абай Құнанбайұлының өлең жолдары жазылған түрлі тәттілерді таратты. Тәтті алғандар – шағын викториналық ойынның қатысушылары саналады. Шарт бойынша олар ақын өлеңін әрі қарай жалғастырып оқуы тиіс.

– Ұзақ жолға шыққандар үшін бұл ойын қызықты болды. Жолаушылардың ішінде Абай өлеңін білмейтіндері жоқтың қасы. Осының өзі ұлы ақынның шығармалары өміршең екенін көрсетеді, – дейді Гүлжан Ақназарова.

Абай апталығы Тараз көліктегі оқу орталығында өткен әдеби-сазды кеште қорытындыланды. Тыңдаушылар іс-шарада ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Хакімнің қара сөздерінен шағын сахналау жасап, көрініс көрсеткендер де болды. Тіпті осы кешке арнап видеоролик түсіргендері де бар.

Абай мұрасын насихаттауға үлес қосып, іс-шараға белсенді қатысқан Шу машиналандырылған жол дистанциясының мамандары Нұржан Оспан, Ерлан Әкімбаев, ШЧ-33 Алматы белгі беру және байланыс дистанциясы Қазыбек би станциясынан келген тыңдаушы Мейіржан Серік, Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясының қызметкері Дастан Шәкенов, ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосы, Тараз станциясының вагон қараушысы Самат Омаровты Тараз көліктегі оқу орталығының директоры Лашынкүл Күзербаева арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты