Арыс-2 вокзалы қайта салынуда

Аймақтар
26.09.2025, 10:46
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласындағы Арыс-2 темір жол вокзалы толықтай сүріліп, заманауи үлгіде қайта салынуда. Жолаушылар инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған республикалық бағдарлама аясындағы ірі жобаның нәтижесінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа әрі ыңғайлы вокзал пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Оңтүстік өлкедегі темір жолдың күретамыры саналатын Арыс станциясынан тәулік бойы жүк және жолаушылар пойызы ерсілі-қарсылы қатынап жатады. Бұл қалада Арыс-1 және Арыс-2 деп аталатын екі вокзал бар болса, оның алғашқысының іргетасы қаланғанына 120 жылдан асқан. Кезінде Орта Азияның қақпасы атанған Арыстағы жүк ағыны артып, станцияның жүктемесі күшейген сәтте сала мамандары жолаушы тасымалын оңтайлы ұйымдастыру мақсатында Арыс-2 вокзалы салынады. Енді міне, уақыт сәті келіп, осы вокзал ғимараты түпкілікті сүріліп, жаңа ғимарат қайта бой көтеруде. Тоғыз жолдың торабы саналатын бұл вокзалдан тәулігіне орта есеппен 18 пойыз аялдаса, оның екеуі халықаралық бағытта қатынайды. Ал жолаушы ағыны шамамен 300-ден асып жығылады.  

Құрылыс учаскесінің бастығы Нұрдәулет Нариманұлының айтуынша, қазіргі кезде құрылыс алаңындағы 13-15 маман еңбек етіп, арнайы техникалар жұмылдырылған. 600 шаршы метрлік 1 қабатты ғимараттың құрылысы тамыз айында басталып, бүгінде іргетасы толық құйылып бітті.

– Біздің жоспарымыз бойынша алдағы 35-40 күнде ғимарат қабырғасының кірпішін өріп, шатырын жауып үлгереміз. Одан кейін есік-терезесі мен әрлеу-сырлау жұмыстарына кірісеміз. Сәтін салса, жыл соңына жеткізбей вокзал ғимаратын толық пайдалануға береміз деп ойлаймын, – дейді нысан құрылысын жүргізуге жауапты «Kanfar Building» ЖШС-нің өкілі.  

Айта кетейік, жаңа вокзал жобасында жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінген. Ғимараттың сәулеттік шешімі заман талабына сай орындалып, кең күту залы, абаттандырылған перрон, заманауи жарықтандыру жүйесі қарастырылған. Сонымен қатар аумағында шағын аллея салынып, демалуға арналған орындықтар орнатылады деп жоспарланған.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты