Ардагер теміржолшыларға құрмет көрсетілді

Аймақтар
02.10.2025, 11:30
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жол бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ардагер теміржолшыларға сый-құрмет көрсетті.

Мерекелік іс-шарада «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов, «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Мейрамбек Кенжебаев, Теміржолшылар кәсіподағы Жамбыл филиалының төрағасы Ерболат Жидебаев алдыңғы толқынға ізгі тілектерін жеткізіп, саланы дамытуға қосқан өлшеусіз еңбектері үшін алғыстарын жеткізді.  

Үш буын өкілдерінің бейресми кездесуіндегі айтылған әңгіме теміржол саласының бүгіні мен ертеңіне қатысты болды.

Зейнетке шыққанша Жамбыл жол бөлімшесіне қарасты құрылымдарда еңбек еткен ардагерлердің құрметіне ақ дастархан жайылды. 96 жасқа келген Жамбыл вагон пайдалану депосының ардагері Әбдімомын Өтегенов өздеріне көңіл бөліп, құрмет көрсетіп жатқан сала басшыларына ақ батасын берді.  

Сала ардагерлері кеңесінің төрағасы Бауыржан Найманбаевтың айтуынша, қазір зейнеттегі теміржолшылардың арасында жасы ең үлкені осы Әбдімомын ақсақал екен. Депода ұзақ жыл вагон қараушы болып адал еңбек еткен қария кезінде ең жоғары Ленин орденімен марапатталыпты.

– Ұрпақтар сабақтастығын сақтап, аға буынның кеңесін тыңдау үшін мерекелік іс-шараға арнайы осындай форматты таңдадық. Ардагер теміржолшылар бір дастархан басында бас қосып, әңгімелесіп, бір жасап қалды. Жамбыл жол бөлімшесінің барлық құрылымдарындағы кәсіподақ ұйымдары осындай кездесулер ұйымдастырды. Алдыңғы толқын қарияларға құрмет көрсетті, - дейді Ерболат Жидебаев.

 «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының кадрлар бөлімінің бастығы Меруерт Баймұрзаева басшылық тарап филиалда еңбек етіп зейнетке шыққан екі мыңға жуық теміржолшыны ұмытпай, айтулы мерекелерде құттықтап тұратынын айтады. Тіпті ардагерлердің арнайы әлеуметтік картасы да жасалыпты. Соған қарай тізім жасалып, қолдауды қажет ететін қарияларға көмек көрсетіліп тұрады екен.

– Біз биыл «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының ардагерлер тізімі бойынша әлеуметтік осал топтағы, жалғызілікті қарияларды анықтап, 200 зейнеткерге азық-түлік себеттерін таратып шықтық. Ал бөлімше құрылымдарындағы кәсіподақ ұйымдары 600 қарияға арнап ақ дастархан жайып, мерекелік іс-шара ұйымдастырды, - дейді филиалдың кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Наурызбаев.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты