Қағаз мұрағаттан цифрлық платформаға дейін

Аймақтар
07.10.2025, 08:25
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша әсіресе жас мамандар үшін кәсіби білім-біліктерін шыңдауда техникалық кітапхананың маңызы зор. Жергілікті кітапхананың ашылғанына биыл тура 90 жыл.

Алғашқыда Түрксіб теміржолшылары үшін сауат ашу мен техникалық ағартудың алғашқы баспалдағы болған осынау іргелі мәдени орын бүгінде аймақтағы бірегей үлкен цифрлық платформаға айналған.  

Қазіргі таңда бұл техникалық кітапхана бірыңғай деректер базасын, электрондық құжаттарды және нормативтік-құқықтық ақпараттарды біріктіретін «электрондық цифрлық кітапхана» ақпараттық жүйесіне айналып отыр. Заманауи технологиялар пайдаланушыларға қажетті материалдарды оңай табуға, білім деңгейін арттыруға және теміржол саласы қызметкерлерінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға зор мүмкіндік береді. Яғни 90 жыл – жай уақыт емес, қағаз мұрағаттардан цифрлық технологияларға, анықтамалықтардан интеллектуалды ақпараттық порталға алып келген ұзақ та мағыналы даму жолы.  

НЖС-6 бөлімшесінің ғылыми-техникалық және талдау орталығының бастығы Баршагүл Омарованың айтуынша, электрондық материалдан бөлек кітаптар мен мерзімдік баспасөздің орны әлі де ерекше. Себебі мұнда тек желі бойындағы теміржолшылар ғана емес, қаладағы Шәкәрім университеті мен теміржол колледжінің студенттері де қажетті әдебиеттерді жиі сұрап келеді екен. Әсіресе еңбек қорғау мен пойыз қозғалысы қауіпсіздігі бойынша кітаптар үлкен сұранысқа ие. Тіпті кеңес дәуірінде жарық көрген әдебиеттер де оқырман қолынан түспейді.  

Осы шаралардың сыртында кітапхана қызметкерлері бөлімше көлемінде өткізілетін түрлі іс-шараларда техникалық бағыттағы кітаптар мен басылымдардан арнайы тақырыптық көрме әзірлеуді де кеңінен жолға қойған.  

Түйіндей айтсақ, техникалық кітапханасы теміржолшылар мен болашақ сала қызметкерлері үшін білім мен дамудың сенімді көзі екені анық.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті