Кәсіподақ – еңбек адамының сенімді тірегі

Аймақтар
08.10.2025, 14:38
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Абай облысының Кәсіподақтар орталығы мен облыстық салалық кәсіподақтар ұйымдары бірлесіп Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына және ҚР Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Келелі жиынның басты мақсаты – еңбеккерлердің құқықтарын қорғаудағы және әлеуметтік әділеттілікті дамытудағы кәсіподақтардың тарихи рөлінің маңыздылығын айқындау, сондай-ақ осы жолда ерен еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерін марапаттау болатын. Аталмыш шараға «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов бастаған кәсіподақ белсенділері де қатысты.

Кәсіподақ гимнін орындаумен басталған салтанатты жиында орталық төрағасы Қуаныш Сүлейменов сөз сөйлеп, кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы – бұл жай ғана атаулы күн емес, еңбек адамының құқықтарын қорғау жолындағы күрес, жетістіктер мен адалдық тарихы екенін баса атап өтті. Сонымен қатар ол сахна төрінде ҚРКФ атынан кәсіподақ қозғалысының аймағымыздағы бірқатар белсенді өкілдеріне құрмет медальдарын, мақтау грамоталарын және алғыс хаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Осы орайда облыс көлеміндегі барлық еңбек ұжымдары арасында Семей ЖТ бөлімшесінің Семей вагон пайдалану депосының кәсіподақ ұйымы төрағасы Ертай Темірбеков үздік атанып, «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалімен марапатталды. Арнайы сыйлыққа да ие болды. Бұл әділ баға екені анық. Себебі, Семей теміржолының кәсіподақ белсенділері тек жұмысшы мамандардың мүддесін қорғап қана қоймай, еріктілер қозғалысы, қайырымдылық, экологиялық акция, бұқаралық спортты дамыту, Абайдың 180 жылдық мерейтойын өткізу сынды көптеген қоғамдық шараларға ұйытқы болып, алдыңғы шептен табылып жүр. Мәселен, осыдан бірер жыл бұрын салалық кәсіподақ ұйымының игі бастамасымен желі бойында ата дәстүр асар үлгісімен теміржолшылар үшін қыстың аяз-боранында жылынатын шағын үй салуды алғаш осы ВЧД-23 кәсіподақ ұйымы депо басшылығымен бірге қолға алған-ды. Бұл дәстүр кейіннен байтақ желі бойында өзге мекемелер арасында жалғастық тауып, оң нәтижесін берді.  

– Бүгінде еліміздің кәсіподақтары – Әділетті Қазақстан құрудағы қоғамның сенімді тірегі және әлеуметтік тұрақтылықты дамытудағы маңызды институт қызметін адал атқаруда. Бұл ретте теміржолдағы кәсіподақ белсенділері еңбегінің жоғары бағаланғаны қуантады, – дейді пікір білдірген салтанатты шараның қатысушысы Семей НОД-ЖТ бөлімшесінің төрайымы Айгүл Берікболова.

Алқалы жиынның соңында кәсіподақ қызметкерлерінің құрметіне арналып мерекелік концерт өтті. Осынау елеулі шара сөз жоқ аймақтың қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғаға айналары анық.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті