Теміржолшылар мүддесі жолында

Аймақтар
09.10.2025, 09:10
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Бүгінде 120 жылдығын атап өтіп отырған Теміржолшылар кәсіподағының тарихында Жамбыл филиалының да өзіндік орны бар. Жамбыл жол бөлімшесінде сақталған деректерді ақтарғанымызда, теміржолдағы кәсіподақ қызметі өңірге Түрксіб теміржолының құрылысымен қатар пайда болғанына көз жеткіземіз.    

Жамбыл темір жолында аудандық кәсіподақ комитетінің алғашқы төрағалары қатарында Секербек Тулақов, Бенджамин Кудиновтің есімдерін кездестірдік. Олар өткен ғасырдың 60-70 жылдары кәсіподақ ұйымдарын басқарған.  

– Теміржол саласын реформалау мен қайта құрылымдауға байланысты кәсіподақ ұйымының құрылымында да сан алуан өзгерістер орын алып отырған. Жамбыл станциясының жол бөлімшесі жанындағы аудандық комитет 1994 жылы Жамбыл жол бөлімшесінің теміржолшылар кәсіподағының облыстық комитеті атанған. Қазақстан теміржолшылары және көлік құрылысшылары кәсіптік одағының Жамбыл аудандық кәсіподағының төрағасы болып Төлен Сәменов, Адылхан Ахметов қызмет атқарды. Соңғысы 1994-2000 жылдар аралығында облыстық кәсіподақ басқармасының төрағасы қызметін атқарады. 2000-2006 жылдар аралығында кәсіподақ филиалының бірінші төрағасы болды.

2000 жылы «Қазақстан Республикасының теміржолшылар кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл филиалы, 2014 жылы «Қазақстандық салалық теміржолшылардың кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл филиалы аталса, 2015 жылы «Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл филиалы болып қайта құрылды.

2006 жылдың мамыр айында өткен кезекті сайлауда теміржолшылар Жамбыл жол бөлімшесінің кәсіподақ филиалының төрағасы лауазымының тізгінін Жұман Сәменовке сеніп тапсырды. Көп жыл теміржолшылардың мүддесі үшін адал қызмет атқарып, абыройға бөленген Жұман Тұрғымбайұлы биыл құрметті демалысқа шығып, бұған дейін бастауыш кәсіподақ ұйымын басқарған Ерболат Жидебаев төрағалыққа сайланды, – деп тарқатады ұйымның құрылу тарихын кәсіподақ филиалы төрағасының орынбасары Еркін Өтешов.

Бүгінде Жамбыл филиалына қарасты 18 бастауыш кәсіподақ ұйымы табысты жұмыс атқаруда. Биыл жаңадан өткен есеп беру-сайлау конференциясын талапқа сай өткізіп, теміржолшылар игілігі үшін тер төгуге лайық кәсіподақ жетекшілері таңдалды.    

Адал еңбек қағидасын басшылыққа ала отырып жұмыс істейтін кәсіподақ филиалы теміржолшылардың құқығын қорғаумен қатар, оларды ынталандыруды да назардан тыс қалдырмайды. Өз міндеттерін мінсіз атқарған мамандарды мерейлі мерекелерде түрлі марапатқа ұсынып отыруы дәстүрге айналған.  

 

Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды